Руханият • 30 Желтоқсан, 2020
Анкарада «Абай даңғылы» мен «Абай ескерткіші» ашылды
Абайдың туғанына 175 жыл және Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай Анкара қаласы Гөлбашы ауданында «Абай және Фараби» және «Ұстаздың оралуы» кітаптарының түрік тіліндегі аудармаларының тұсаукесері және «Абай даңғылы» мен «Абай ескерткіші» ашылу салтанаттары өтті. Маңызды іс-шаралар Түркиядағы Елшілігі Анкара Гөлбашы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2020
1 мыңнан астам ауыр сырқаты бар балалар Жаңа жылға сыйлықтар алды
Жаңа жыл қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясын өткізді, оның шеңберінде өз қаражаттарына ауыр сырқаты бар 1105 балаға сыйлықтар сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 30 Желтоқсан, 2020
Нұр-Сұлтанда мереке күндері рейдтер күшейтіледі
Елордадағы карантин және шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары мереке күндері күшейтілген режімде жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020
Түркістан облысында жаңа аудан құрылады
Қазақстан картасында жаңа аймақ пайда болады. Кентау қаласы мен оның ауылдық округінің тұрғындары Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің «Сауран» ауданын құру туралы бастамасын қуанышпен қолдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2020
Алматының Наурызбай ауданында келесі жылы 50 жоба жүзеге асырылады
Алдағы жылы «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша Наурызбай ауданында 50 жоба жүзеге асырылады. Бұған балалар алаңдарын жөндеу, серуендеу аймақтарын, скверлерді, арық желілері мен тротуарларды, спорт алаңдарын салу, жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық орнату кіреді. Ол үшін 1,2 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте аудан әкімі Санжар Тоғай мәлімдеді.