Экология • 19 Желтоқсан, 2020
Экобелсенділер «Алматының қарағайлы орманына» 470 көшет отырғызды
Тәуелсіздік мерекесі кезінде экобелсенділер да қарап отырмай, Алатау ауданындағы АвтоХҚКО-ға барар жолда орналасқан «Алматының қарағайлы орманы» аумағына 470-тен астам қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Жоба осы жылдың басында «ECO FUND TABIGAT» Жекеменшік қорымен жомарт қалалықтардың, сондай-ақ бизнестің қатысуымен құрылды. Жоба қолға алынғаннан бері Жасыл экономика басқармасы мен Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен «Алматының қарағайлы орманы» аумағында 2 500 астам ағаш егілді.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020
Атыраудағы «Дина» базары өртенді
Атырау қаласындағы ірі сауда орталығының бірі – «Дина» базары өртенді,деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2020
Головкин - Шеремета жекпе-жегінің толық видеосы шықты
Қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өткен жекпе-жектің толық видеосы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 19 Желтоқсан, 2020
Карантин қостанайлық кәсіпкерлерге қалай әсер етті?
Әлемді жаулаған індет Қазақстанның ірі кәсіпорындарымен қатар, шағын және орта бизнеске де кері әсер етті. Карантин жағдайында көптеген бизнес нысандары қызметін тоқтатып, жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болып отыр. Мәселен шілде айында Қостанай облысында тіркелген 53 мыңға жуық орта және шағын бизнес субъектілері бірден 4%-ке қысқарса, 1 қазандағы дерек бойынша 3 716 кәсіпорын жабылып, кәсіпкерлер саны 6,7%-ке азайған. Солардың қатарында облыс тұрғындары арасында өте танымал болған «Хоттабыч» дүкендер желісі де бар. 2004 жылы жеке кәсіп ашып, тұрмыстық техника саудасымен айналыса бастаған қостанайлық кәсіпкер Е.В. Ермакова каратантин кезінде шығынға ұшырап, бизнесін жабуға мәжбүр болды.
Ғылым • 19 Желтоқсан, 2020
21 желтоқсанда астрономиялық сирек құбылыс орын алады
Биылғы 21 желтоқсанда астрономдар мен жұлдызды аспанды сүйетіндер сирек кездесетін құбылысты – Сатурн мен Юпитердің «ұлы қосылуын» тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz