Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024
Ершат ОҢҒАР: Зияткер азамат қалыптастыруды мақсат етеміз
Діннің атын жамылып, дүдәмал сенімдерін таратуды көздейтін түрлі бүлдіргі ағымдар бой көтерген заманда дұрыс діни білім беру – мемлекет алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Осы орайда тәуелсіздік жылдары елімізде діни білім беретін университет пен бірнеше медресе бой көтерді. Бүгінде бұл салада қандай жұмыс жүріп жатқанын білу мақсатында «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, PhD, танымал дінтанушы Ершат Оңғарды әңгімеге тарттық.
Экономика • 28 Желтоқсан, 2024
Мемлекеттерді байланыстыратын транзиттік дәліз
Еліміз Еуразия кеңістігінде басты көлік-логистикалық хабқа айналуға талпынып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Ел аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді (5 теміржол, 8 автомобиль жолы). Осы бағыттар арқылы былтыр 32 млн тонна транзиттік жүк тасымалданса, биылғы өсу қарқыны 6%-ды көрсетті.
Саясат • 28 Желтоқсан, 2024
«Ауыл» партиясы ауылмен ғана шектелмейді
Санаулы күндерден кейін 2024 жыл тарих қойнауына кетіп, адамзат жаңа 2025 жылдың жылнамасының алғашқы беттерін ашады. Әлем жұрты қазір күнтізбенің соңғы беттерін парақтап, биылға есеп беріп, келер жылға жоспар жасап жатыр. «Балапанды күзде санайды» дегендей, жетістіктерін кемелдендіру, кемшіліктерін жетілдіру мақсатында өткенін електен өткізіп үлгерді. Біз де – солардың қатарындамыз.
Банк • 28 Желтоқсан, 2024
Биыл екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) қазынаға 700 млрд теңге салық құйған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің аудиторлық деректерінде айтылады.
Пікір • 28 Желтоқсан, 2024
Алмас ЧУКИН, қаржыгер: Бюджет дағдарысының себебі тым тереңде
Өткен жылға өкпе жоқ. Көптеген секторда, әсіресе ауыл шаруашылығында оң нәтиже бар. Президент экономикалық реформалар тұрғысынан маңызды құжатқа – экономиканы ырықтандыру туралы жарлық шығарды.