Табиғат • 31 Желтоқсан, 2023
Ұлттық паркке кірудің жаңа тарифі
Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағына көліктерді кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген еді. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем мөлшерлемелері бекітілді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2023
Air Astana әуекомпаниясы 31 желтоқсанда Астанадағы ауа райы жақсаруының нәтижесінде рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Туризм • 31 Желтоқсан, 2023
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы: саланың дамуына соны серпін береді
Кейінгі жылдары құдайы көрші, стратегиялық әріптес Қытай мемлекетімен достық рәуіштегі қарым-қатынасымыз одан сайын нығайып келеді. Ілтипатымыз зор іргеміздегі елмен ортақ істеріміз қашанда ілкімді, ілгерінді сипатқа ие. Осынау берік байланысымыздың жарқын үлгісіндей болып, табалдырығымыздан еніп келген жаңа 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып төрге озды. Меймандостығымыздың мәртебесін асқақтататын бұл атаулы жыл барыс-келісті арттырып, таныстығымызды тереңдете бермек. Оның үстіне екі ел арасында визасыз режімнің енгізілуі де есігімізден енетін несібемізді еселей түседі.
Ұлттық спорт • 31 Желтоқсан, 2023
Көшпелілер ойындары ұлттық рухты асқақтата түседі
2024 жылғы 7 қыркүйекте Астанада V Көшпелілер ойындарының алауы тұтанады. Қазақстанның спортшылары үшін «Ұлы дала дүбірі» деген ұранмен өтетін жарыстың мәні де, маңызы да зор. Бір аптаға созылатын байрақты бәсекеде әлемнің 100-ден аса мемлекетінен келген 3 000-ға тарта спортшы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстанда «Аяз атаның туған күні» атты фэнтези-қойылым өтті. Ертегі қойылымын халық ертегілерінің кейіпкерлері Ер Төстік пен Ақшақар жүргізді.