Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ  ұсынған мәлімет бойынша, 6 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ақмола облысында – 5 учаске;

Жамбыл облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Қарағанды облысында – 6 учаске;

Павлодар облысында – 1 учаске;

Ұлытау облысында – 1 учаске.

Барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта жолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.