Оқиға • 30 Желтоқсан, 2023

«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр

1 мин
оқу үшін

28 желтоқсанда мектеп басшылығы Талдықорған қалалық полиция бөлімін бірнеше айдан бері сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушы қыздың жоғалып кеткені туралы хабардар еткен, деп жазады Egemen.kz

«Жоғалып кеткен»: Бірнеше ай бойы мектепке бармаған оқушы ізделіп жатыр

Фото: pixabay.com

Іздеу жұмысымен айналысып жатқан Талдықорған қалалық полиция қызметкерлері: «Жоғалуының толық мән-жайы анықталып жатыр. Іздестіру шараларына Жетісу облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері және тақау орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған», деп хабарлады инстаграм парақшасында.

Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасынан, туыстарынан, жақындарынан жауап алынып, бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп, сонымен қоса, тез арада табуға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40