Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Ел ішінде мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін дөңгелетуге ұмтылып отырғандар аз емес. Арагідік тосын шаруамен айналысуға талаптанатындар да бар. Ең бастысы, сулы, нулы өңірдегі иесіздіктен игерілмей жатқан су айдындары да кәдеге асырыла бастады.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
Кеншілердің талабы ескерілетін болды
Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қараша айының 7-сі күні болған қайғылы оқиға қазақ елінің қабырғасына қатты батты. Сол күні жеті қат жер астындағы көмір мен газ атындысының салдарынан алты кенші көз жұмып, екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2021
Балалар ортопедиясында білмейтініміз көп
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының ортопедия бөлімінің мамандары үнемі ізденіс үстінде жүреді. Соның нәтижесінде бұрын қыруар ақша шығарып шетелдік клиникаларды жағалайтын сырқат балалар елімізде емделеді.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Өзгеріске бастаған құжат: Жолдау жүктеген міндеттер қалай орындалуда?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында атап көрсетілген міндеттер жүйелі түрде орындалуда. Бұл қадамдар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының өз деңгейінде атап өтілуіне, сондай-ақ келесі онжылдықтың табалдырығын сеніммен аттауымызға жол ашты. Осы орайда 2020 жылғы Жолдаудың көптеген тармағының орындалуы 2021 жылдың үлесіне тигендіктен, жыл аяқталар тұста соларды бір шолып өтуді жөн көрдік.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021
Қоғамымызда өткен мен бүгінді тең парықтай отырып, елдік пен мемлекетшілдіктің қадірін, қасиетін, маңызын түсіну үдерісі жүріп жатыр. Бұл – «судың да сұрауы бар» деген халық даналығының ел жаңаруындағы көрінісі. Өйткені буын ауысады, жаңашыл талап-тілек пайда болады. Тіпті осыдан он жыл бұрынғы тұжырым мен өлшем де өзгерісті талап етеді.