Тағайындау • 27 Желтоқсан, 2019
Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Президенттік сынақ және президенттік көпсайыс федерациялар одағы» ЗТБ кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Аталған кездесуде федерацияның жаңа басшысы тағайындалды. Бұл орынға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов сайланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2019
Өзекті мәселелер шешімін тауып келеді
Президент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында елдің қоғамдық-саяси өміріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізді. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) екінші отырысы – осы тұжырымдамалық ұғымның мазмұндық толтырылуының көрсеткіші. Бұл сөзімізге ҰҚСК отырысында жарияланған маңызды саяси шешімдер дәлел бола алады. Бұл жұмыс топтарының, консультациялар, кеңестер, Президенттің Ұлттық кеңестің жекелеген мүшелерімен жеке кездесулерінің нәтижесі болды. Бірінші реформалар пакетінде әлеуметтік-саяси модернизацияның ең өзекті, маңызды мәселелері қозғалды.
Футбол • 27 Желтоқсан, 2019
Армениямен жолдастық матч өткізеді
Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылдың наурыз айында Алматыда Армения құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 27 Желтоқсан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубы «Барыс Аренада» Санкт-Петербургтің СКА командасымен ойнады.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2019