Волонтер • Бүгін, 15:15
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Отандық Allur автокөлік компаниясында жас қызметкерлердің бастамалары нақты қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Жастарды бизнес және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған Allur Zhastary бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыс құру ұсынылды. Компания басшылығы бұл бастаманы қолдап, нәтижесінде жұмысшы жастарды қоғам дамуына нақты үлес қосуға біріктіретін «Еңбек Жастары» қозғалысы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 15:10
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Алматыда аралас жекпе-жектен IBA Nomad 14 деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Бүгін, 15:03
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарманың жетекшісі қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 14:34
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Porsche көлігінің жүргізушісіне қатысты мемлекеттік тәртіпті бұзу фактісі бойынша істі қарап, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Жүргізуші қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салған (сары) сигналына мән бермей, 133 км/сағ жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Egemen.kz.