Білім • Бүгін, 12:02
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтердің білімін бағалау жүйесіне қатысты қабылданған жаңа шешімдер бойынша түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, мұғалімдердің құқықтары толық сақталып, қазіргі аттестация үдерісі бойынша басталған рәсімдер аяқсыз қалмайды. Бұл өзгерістер 2026 жылғы қаңтарда енгізілген жаңа ережелермен байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:53
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
12 сәуірге қараған түні Астанадағы Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Тілсіз жау салдарынан 3 бала қайтыс болып, әйел ауруханаға жеткізілген еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:48
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қазақстан қажылық миссиясы және қажылық сапарын ұйымдастыруға рұқсат алған 14 туроператор басшыларының қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алаңында арнайы жиын өтті. Жиынға қатысушылар 2026 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • Бүгін, 11:36
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Қырғызстанның астанасы – Бішкекте өткен Азия чемпионатын еркін күрес шеберлері қорытындылады. Алғашқы айналымда Әди Серікұлы (65 кг) Такара Судадан (Жапония), Санжар Досжанов (70 кг) Сина Махди Халилиден (Иран) ұтылса, Мерей Базарбаев (57 кг) екінші кезеңде Фуга Сасакиден (Жапония) жеңілді. Бастапқы сынақта сүрінгендеріне қарамастан Дәулет Ергеш (79 кг) пен Бекзат Үркімбай (97 кг) жарысты жалғастырды. Бірақ олар да ұзаққа шаппады. Дәулет Сулдкху Олонбаярдан (Моңғолия), Бекзат атағы жер жарған Ахмед Таджудиновтан (Бахрейн) оңбай жығылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:20
110 млн теңгеден астам шығын: «Boxy Wealth» қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу нәтижесінде күдіктінің 1 жыл бойы Алматы аумағында аталған жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.