Спорт • Бүгін, 14:18
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Еліміздің көркем гимнасшылары Ташкентте ұйымдастырылған Әлем кубогінің топтық бәсекесінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Бүгін, 13:57
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Азаматтық авиация саласында жолаушы тасымалының көлемі тұрақты өсіп келеді. Үкімет отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел әуежайлары мен әуе компанияларының көрсеткіштері және алдағы даму жоспарлары қаралды. Сондай-ақ халықаралық бағыттарды кеңейту, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдарының техникалық паркін жаңарту мақсатында жалпы саны 130 мотоциклді өңірлерге табыстады. Қозғалтқыш көлемі 250 текше сантиметр болатын жаңа техника су шаруашылығы мамандарының жұмысын жеделдетуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 13:18
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Қазақстанда «Келешек мектептері» жобасы аясында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Жоба басталғалы бері ел аумағында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Бұл білім ошақтары оқушы санының артуы мен жаңа технологияларға негізделген оқытуға бейімделген, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • Бүгін, 13:01
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-транзиттік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына арналған кеңес өткізді. Жиында саланың қазіргі жағдайы, инфрақұрылымдық жобалар мен цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ тасымал көлемін арттыру және транзиттік бағыттарды кеңейту міндеттері талқыланды. Кеңес барысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.