Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Биыл Қызылордада әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысының қарқыны артты. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қармақшы, Сырдария аудандарында үй кезегін күткен жандар баспанаға қол жеткізді. Облыс орталығындағы 84 пәтерлік 6 үйден 504 адамға кілт табысталды. Биыл облыс аумағында жарияланған «Руханият жылы» аясында мәдениет саласы мамандарына тағы 40 пәтер берілді. Жақында ғана «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасының қатысушылары пәтерлі болды. «Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамту үшін қолға алынған өңірлік тың жоба.
Жастар • 24 Желтоқсан, 2024
Жуырда Astana IT University-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына арналған сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жастар саясаты саласындағы жетекші отандық сарапшылар мен студенттер ой-пікірін ортаға салды.
Жастар • 24 Желтоқсан, 2024
Қазақ тілін ту еткен «Ассамблея құрамасы»
Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар арасында мемлекеттік тілімізді насихаттап, дамытуға үлес қосып келеді. Осы ретте «Жайдарман» ойындарының «Ассамблея құрамасы» Ұлттық лиганың чемпионы атанды. Команда қазақ тілінде өнер көрсетіп, қазіргі буынға үлгі көрсетіп жүр.
Театр • 24 Желтоқсан, 2024
Театр тынысы: кәсіби сыншылар бағасы
«Қазақстан театр сыншылары» бірлестігі биыл алтыншы рет «Сыншылар жүлдесі» марапаттау кешін ұйымдастырды. Алғашқы жылы сахна шығармашылығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым аясында ғана үздіктерді анықтаса, марапат саны биыл мейлінше еселене түскен. Үздіктерді іріктейтін мерейлі дода шығармашылық өкілдерінің шабысына қанат бітіріп, шабытына дем беріп, жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік сыйлайтын мақсаты мен маңызын жыл сайын арттырып келеді. Дегенмен Қазақстандағы 70-тен аса театрдың 53-інің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өз тарапынан кәсіби бағасын берген сыншылардың да сахна шығармашылығы төңірегіндегі үрдіс пен үдерістер туралы, табысталған жүлдеге байланысты туындап қалған кейбір сыни ой-пікір мен өкпе-назға орай айтатын өз уәж-пайымы бар. «Театр сыншылары бірлестігінің» төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Анар ЕРКЕБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт НҰРПЕЙІС, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары, өнертану магистрлері, Жансая ТҰРМАҒАНБЕТ пен Бейбіт ӘЛКЕЕВА басылым ұйымдастырған дөңгелек үстелде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін талдап, жүлденің бүгіні мен болашағына алаңдаушылығын білдірді.
Футбол • 24 Желтоқсан, 2024
«Ertis» бұрынғы ойыншылары алдындағы қарызын өтеуге жақын. Қазір бір ғана шетелдік легионердің борышы жабылмаған.