Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2020
Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде «Сағат» стелласының ашылу салтанаты өтті. Уақыттың өлшеміне арналған ескерткіш Дербісалы батыр, Сәкен Сейфуллин және Әбікен Хасенов атындағы көшелердің қиылысынан орын тепті.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2020
Қазақстан музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында «Қолжетімді музей: экскурсиялық қызметтегі инновациялар» атты онлайн режімде дөңгелек үстел өтті.
Күрес • 25 Желтоқсан, 2020
Жуырда Алматыда грек-рим күресінен өткен Қазақстан чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан Алмат Кебісбаевқа тең келер қарсылас табылмады. Расында да, бұл балуанның жанкештілігі мен табандылығына сүйсінбеу мүмкін емес. Үстіміздегі жылдың 12 желтоқсанында 33 жасқа толған Алматтың аса жоғары деңгейдегі жарыстарда атой салып жүргеніне 10 жылдан аса уақыт болды. Сол аралықта ол өрелі өнерімен жанкүйерлердің жүрегін жаулап, биік белестерді бағындырды. Қазақ балуанының ендігі мақсаты – Олимпиада жолдамасына иелік етіп, Токио төрінде атой салу.
Өнер • 25 Желтоқсан, 2020
Батыр рухына арналған айтыс өтті
Кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл толуына орай өз туған жері – Ұлан ауданында «Ұранды елдің ұрпағы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
«Ұлы дала әдебиеті» – түрік тілінде
Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің «Ұлы дала әдебиеті» атты түрік тіліне аударылған кітабының тұсаукесері өтті.