Өнер • 25 Желтоқсан, 2020

Батыр рухына арналған айтыс өтті

628 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кешегі Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза болған Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл толуына орай өз туған жері – Ұлан ауданында «Ұранды елдің ұрпағы» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Батыр рухына арналған айтыс өтті

Әр тасы тарихқа тұнған Ұлан топыра­ғы­нан шыққан батырлар аз емес. Аты аңызға айналған Қасым Қайсенов те, Із­ғұтты Айтықов та осы өңірдің тумалары. Бүгінгі ұрпақ батыр бабаларының ру­хына қандай құрмет көрсетсе де лайық емес пе?!  

Алдымен жиырмадан асқан шағында Отан үшін деп оққа ұшқан Төлеген Тоқ­таров туралы аз ғана мәлімет беріп өтке­­німіз жөн шығар. Ол 1941 жылдың со­ңы­­на қарай соғысқа кіріп, бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскерін жой­ған. 1942 жылы 5 ақпанда Новгород облы­сындағы Нагаткино ауылында бетпе-бет келген жаудың 7 әскерін жер жас­тандырып, екеуін тұтқынға алыпты. Ал Бородино үшін болған шайқаста қарша бораған оқтан бас көтере алмайды. Сонда Тоқтаров жанындағы төрт жауын­гермен алға ұмтылып, ротаны шабуыл­ға бастаған. Сол жерде оғы тау­сыл­ғанша жауға тойтарыс беріп, ауыр жараланған.

Төлегеннің бұл ерлігін көзімен көрген, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин: «1942 жылдың 9 ақпаны. Түс кезінде немістер қайта шабуыл жа­­сады. Бұл жолы немістердің шабуы­лына бүкіл батальон автоматшылары ат­тан­ды. Нағыз күшті соғыс басталды. Шай­қас кезінде оқ дәрісі таусылған Төле­ген ішінен ауыр жараланды. Тө­леген «әуп» деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы ішегін қа­р­нына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс офицерінің қақ басынан ұрып жіберді. Офицерді жай­ратып салып, қайта орала бергенде, жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Есіл ер Төлеген осындай ерлік өліммен қаза болды» деп жазыпты естелігінде.

Күркіреп өткен соғыс баты­рының 100 жылдығына орай дүркіреп айтыс өтті. Еліміздің төрт бұрышынан жи­нал­ған ақындар түйдек-түйдек ой тас­тады, жырға сусап қалған халық қошемет көрсетті. Елді жайлаған вирус болмағанда, зал ішінде ине шаншыр орын болмас еді. Санитарлық та­лаптарға сәйкес, көрермендер көп жиналмай, айтысты әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден таратты. 

Арқалы ақындар батыр баба­лары­ның ерлігін жырға арқау ете отырып, бүгінгі қоғамның да түйт­кілді мәсе­ле­ле­рін де түйрей өтті. Жыр додасына еліміздің әр аймағынан ұзын саны 12 ақын қатысып, бақ сынасты. Ақын­дар­дың сөз саптауын, орамды ой тас­тауын әнші Алтынбек Қо­раз­­баев бастаған әділ­қазылар ба­ғалады. Қорыта келгенде, бас жүл­дені Қызылорда облысы,­ Шие­лі ауданынынан келген Ержан Әмі­ров еншіледі. Бірінші орын Зайсан ауда­нының ақыны Ардабек Ақбабаұлының қанжығасына байланды. Екінші орын Ақмола облысы, Ерейментау ауданынан келген ақын Ерлан Дәулетке бұйырса, үшінші орынды семейлік жас ақын Хавдолла Бейісхан иеленді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы Әр тасы тарихқа тұнған Ұлан топыра­ғы­нан шыққан батырлар аз емес. Аты аңызға айналған Қасым Қайсенов те, Із­ғұтты Айтықов та осы өңірдің тумалары. Бүгінгі ұрпақ батыр бабаларының ру­хына қандай құрмет көрсетсе де лайық емес пе?!  

Ұлан ауданы