Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Биыл әлеуметтік сала үшін қомақты жыл болды десе де артық емес. Басты жаңалық – салаға қатысты түрлі заңдар жүйеленіп, Әлеуметтік кодекс қабылданды. Заң талаптары да бір ізге түсті. Мұның бәрі әлеуметтік саланы жетілдіруге зор ықпал еткені сөзсіз.
Пікір • 22 Желтоқсан, 2023
Адам капиталы – маңызды басымдық
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды әрі кешенді «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қордаланған әлеуметтік проблемаларды жүйелі шешу арқылы адам капиталын дамытуды ұсынды. Геосаяси және геоэкономикалық күрделі жағдайға қарамастан алға қойған сол мақсаттар кезең-кезеңімен нәтижелі орындалып келеді.
Алматы • 22 Желтоқсан, 2023
«Көк базардың» еңсесі көтерілмек
Көне шаһардың көзіндей болған Алматыдағы «Көк базардың» қадірін оның байырғы тұрғындары біледі. Енді тарихқа айналып үлгерген, кешегі кеңес өкіметінің тұсында қазіргідей самсаған супермаркеттердің, қаптаған сауда орындарының болмағанына тәуелсіздіктің бедерінде туған балаларды сендіре алмайсың. Жастарды айтпағанда, жұрт білетін, ел баратын дүкендер де саусақпен санарлық болғандықтан, азық-түлік үшін көбінесе «Көк базарға» ғана баратынын өзіміз де ұмыта бастадық.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2023
Қала инфрақұрылымын дамыту жалғасады
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев баспасөз мәслихатын өткізді. Ол мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, қоғамда туындаған, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Заң • 22 Желтоқсан, 2023
Зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау туралы заңға өзгерістер енгізілді
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы