Технология • 20 Желтоқсан, 2024
E commerce: Бәсеке артса, баға баяулайды
Электронды коммерция нарығындағы бәсеке күшейіп келе жатыр. Жергілікті және халықаралық маркетплейстер нарықтағы аясын кеңейту жолында логистикаға айрықша көңіл бөлуге көшті. Сонымен қатар тапсырыс беру нысандарын көбейтіп, постоматтар да орната бастады. Одан бөлек, түрлі қаржы құралдарын нарыққа енгізіп, өнімдерін өткізу жолында тер төгіп жатыр. Нәтижесінде, тұтынушының да, транзакцияның да саны артты. Халыққа да тауарды онлайн алған тиімді бола бастаған сыңайлы. Енді кім тиімді платформа ұсына алады, соның айы оңынан тумақ. Оны онлайн сауда-саттықтың көрігіп қыздырып жатқан алпауыттар жақсы түсінеді. Бұл бір жағынан жақсы, нарықтағы бәсекенің күшеюі орташа чек деңгейін төмен түсіреді.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2024
Биылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеге азайып, Үкіметтің межелі жоспары орындалмады. Ел қазынасына 3,5 трлн теңге салық түспей қалды. Кейінгі жылдары жоспар орындалмай, тапшылықтың туындауы қалыпты әдетке айналып келеді. Себебі неде?
Заң мен Тәртіп • 20 Желтоқсан, 2024
Нашақорлықтың алдын алудағы маңызды қадам
Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде «Астана – есірткісіз қала» акциясы өтті.
Заң мен Тәртіп • 20 Желтоқсан, 2024
Реформаның мақсаты – адам құқын құрметтеу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» дегені белгілі. Заңнан аттамайтын, тәртіпке бас иетін ұлтқа айналу үшін не істеу керек? Әділ әрі қауіпсіз қоғам құру жолында қандай өзгерістер қажет?
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2024
Өнеркәсіп өрісі кеңейіп келеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында бірнеше зауыт, кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды. Сонымен қатар бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесі де сөз болды.