Мектеп • 20 Желтоқсан, 2024
Шалғайдағы мектептер қалай жаңарады?
Елімізде 8 мыңға тарта оқу ошағы бар. Соның 70 пайызға жуығы, анығы 5 247-сі – ауыл мектебі. Осы айдың басында өткен Үкімет отырысында айтылғандай, бүгінде үш ауысымда оқытатын мектептердің 57%-ы және апатты жағдайдағы мектептердің 76%-ы ауылда орналасқан. Осыдан да болар, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы әлі де үлкен. Үкімет бұл мәселені қалай шешпек?
Білім • 20 Желтоқсан, 2024
Ұрпаққа ізгілік пен рухани құндылықты сіңіру – тек ата-ананың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әуезовтің тілімен айтқанда, ең әуелі – бесікті түзеп, содан соңғы жерде балабақша мен мектепті және университетті бақылауға алсақ, мұратымыз орындалатынға ұқсайды. Үстірт қарағанда солай. Ал шындап келгенде, атаулы мәселе анағұрлым күрделі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мінберінде: «Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс», деген еді. Сондықтан қоғам, уақыт өзгерді дегенмен, ұлттық тәрбиеден ажырамаған жөн.
Әскер • 20 Желтоқсан, 2024
Міне, азаттық алғанымызға да 33 жыл толып отыр. Тарих үшін қас қағым сәт болса да, адам үшін жарты ғұмырдың мөлшеріндей бірсыпыра уақыт. Біз осы тәуелсіздік жылдарында қуатты әскеріміз бен әскери-өндірістік кешенімізді қаншалықты жасақтай алдық? Ел басына күн туса, әскери техникамыз бен бес қаруымыз сай ма? Жауға қарсы тойтарыс берердей қауқарымыз қандай?
Айбын • 20 Желтоқсан, 2024
Астанада қызметте үздік нәтиже көрсеткен Қарулы күштердегі жауынгерлік жарыс жеңімпаздары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қолынан марапатқа ие болды.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2024
Эстония және Финляндия елдерінде Қазақстан Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Астана қаласының мәдени күндері өтті. Таллин және Хельсинки қалаларында ұйымдастырылған мәдени-сазды кештерге Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымдары мен солистері, Франциядан арнайы келген скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев қатысты.