Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Жамбылдық дәрігерлер онкологиялық ауруларға ота жасауда

Қазіргі кезде Жамбыл облысының дәрігерлері онкологиялық аурумен ауыратын үшінші сатыдағы науқастарға алғаш рет ота жасай бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Мүмкіндік толық пайдаланылмай отыр

Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының жиі көтеретін мәселесі баспана болып отыр. Әкімдердің есепті кездесуінде болсын, жеке қабылдауларда болсын, тіпті әлеуметтік желілерде болсын, көптеген тұрғынның көтеріп жүрген өзекті мәселесі осы.

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Қаратауда қараусыз қалған үй көп

Кезінде өркендеген өндірісі арқылы өңірде ғана емес, елімізде де әйгілі болған Қаратау қаласының тоқсаныншы жылдары құлдырағаны баршаға мәлім. Сол кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың салқыны жергілікті халыққа да оңай тиген жоқ. Сөйтіп Жамбыл облысындағы өндіріс ошағы мол бірден-бір қала қайта құрудың құрбанына айналды.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында бүгін Тараз қаласында бірқатар тұрғындар баспаналы болды.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Білікті басшы, білімді маман

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының суармалы жерлері Шу және Талас трансшекаралық өзендерінің суларымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде облыс аумағында 156 гидротехникалық құрылыс бар. Облыстағы жер үсті су ресурстары Шу, Талас және Аса өзендерінің бассейндерінде шоғырланған. Бұл ретте өңір ауыл шаруашылығына қажетті су қорын көрші Қырғыз Республикасында орналасқан «Киров» су қоймасынан алады. Ал судың бөлінуі, жайылуы, игерілуі сияқты мәселелердің бәрі де облыс бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының міндетіне кіреді. Аталған инспекцияның басшысы Гүлмира Имашева бүгінде өңірдегі осындай ең бір күрделі саланы басқарып отырған білікті маман. Сондай-ақ өзі де қыруар шаруаның бел ортасында жүр.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Бір мың түп тал егілді

Алғыс айту күні Әулиеата өңірінде де өзіндік сән-салтанатымен аталып өтті. Айтулы мереке қарсаңында тараздықтар қала орталығындағы «Арбат-1» аллеясында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды. Гүл қою рәсіміне өңірдің зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің өкілдері мен жергілікті жастар қатысты. Аталған шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, көпшілікті құттықтады.

Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Бүгін Жамбыл облысында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангөзов тағайындалды

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова брифинг өткізіп, өңірдегі жұмыспен қамту жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты

«Нұрсұлтан Назарбаев Қорының» директоры Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Тараз қаласында болды. Дариға Нұрсұлтанқызы мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының және Тараз қаласындағы  №9 орта мектеп пен А.Гайдар атындағы №35 орта мектептеріндегі инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Жамбылдық жомарт түлектер

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тараз қаласында «Жомарт түлек-2021» кездесуі өтті. Аталған кездесу Жамбыл өңірінен шығып, бүгінде еліміздің әр саласында жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын жастарға насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушыларға әуелі «Тәуелсіздік жылнамасы» атты бейнефильм көрсетілді. Ол 1991 жылдан бастап Жамбыл облысында әр бес жылдықта атқарылған жұмыстарға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне арналды.