Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Жаңатастағы апатқа кінәлілер анықталуда
Биылғы жылғы 9 ақпан күні Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орталық қазандық істен шығып, апат салдарынан тұрғындар жылусыз және ыстық сусыз қалған болатын.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Ауған соғысының қасіреті оған қатысқан әрбір азаматтың көңілінен өшкен жоқ. Ерлігі елеусіз қалған ардагерлер де бар. Дегенмен, майданда ерлік көрсеткен ерлердің ерлігі ұрпақ жадынан өшпек емес.
Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Жаназада ақша таратқаны несі?!.
«Тозбасты ұста соқпайды, өлместі Құдай жаратпайды», дейді халық. Шынында да, өзекті жанға күні жеткенде, уақыты соққанда өлімнің келетіні ақиқат. Ислам дінінде, мыңжылдықтардан бері келе жатқан қазақтың әдет-ғұрпында қайтыс болған кісінің кәдесін атқарудың өзіндік тәртібі бар.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Жамбыл облысына салық кірістерінен 113 миллиард теңге қаржы түскен
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов брифинг өткізіп, өткен жылы облыс салық кірістерінен 113 миллиард теңгеден асатын қаржы түсіргенін атап өтті.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында 850 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады
Биылғы жылғы ақпан айынан бастап елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина салдыру науқаны басталды. Тіпті жергілікті жерлерде басшылар ресейлік «Спутник V» вакцинасын алып, көпке жол көрсетуде. Вакцина егу жұмысы бүгінде Жамбыл облысында да жүзеге асырылуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап тұрғындарды отандық өндіріс «QazCovid-In» препаратымен вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр. Ол қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінде тұр.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Қауіпті індетпен күрес күшейе түсті
Бүгінде Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 5 709 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда науқастар көрсеткіші 501,4-ті құрап отыр. Ал пневмонияның 1 329 жағдайы анықталған. Тіркелген жағдайлардың ішінде 2 692 науқас симптомды, 3 017 науқас симптомсыз болып отыр. Өңірде қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде 5 383 азамат қауіпті індеттен жазылып шыққан. Алайда өкінішке қарай, коронавирус індетінен 64 адам қайтыс болған.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2021
Жаңатас қаласындағы жылу қазандығы қалпына келтірілді
9 ақпан күні Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта жылыту құрылғылары істен шыққан болатын. Аталған мәселеге орай, Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов және коммуналдық мекемелердің басшылары оқиға орнына барды.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2021
Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген мүмкіндік
Осыдан біраз уақыт бұрын Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығының құрылысы басталған. «Асар» Жамбыл облысының мүгедектермен жұмыс істейтін ұйымдар одағы» Заңды тұлғалар бірлестігіне арналған оңалту орталығының құрылысы көне шаһардағы «Мамыр» тоғайындағы жасыл желектің арасында жүргізілуде. Орталық екі нысаннан тұрады.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Жуалы ауданы инвестиция тарту бойынша соңғы орында тұр
Жамбыл облысында аудан әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері жалғасуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебековтің есепті жиынына қатысып, жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 10 Ақпан, 2021
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Т.Рысқұлов ауданы бұл күнде ауыл шаруашылығы саласында облыс аудандарының ішінде алда келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, аудан егін егу, мал басын көбейту, жалпы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту көрсеткіштері бойынша бірінші орынға шыққан. Асыраушы салада жалпы өндірілген өнім көлемі 39,9 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 3,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Ал тамақ өндірісінің негізгі капиталына 24,5 млн теңге салынған. Мұның бәрі де бүгінде аудан ахуалын жақсартуға өз септігін тигізіп отыр.