Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Қалың елдің қабырғасын қайыстырды
Өткен жұма күні Жамбыл облысында қалың жұрттың төбесінен жай түскендей қайғылы жағдай орын алды. Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының 2-шағын ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шығып, қызыл жалын 16 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жаудың салдарынан үйдегі киімдер мен жиһаздар өртеніп кеткен. Пәтер ішінде ата-анасының қарауынсыз кәмелет жасына толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған бес бала қалып қойған. Белгілі болғанындай, балалардың әкесі Нұрсұлтан жұмыста болған, ал анасы Меңсұлу дүкенге шығып кеткен. Өрт салдарынан бес бала да түтінге уланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, араға біраз уақыт салып, бәрі де көз жұмды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2021
Таразда қатты желден зардап шеккен нысандар қалпына келтірілуде
Кеше Жамбыл облысында қатты жел тұрып, салдарынан Тараз қаласындағы бірқатар нысан зардап шеккен болатын.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Жаңатас қаласындағы өрттің себебі анықталды
Күні кеше Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында орын алған жантүршігерлік оқиғаның себептері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Дауыл салдарынан Тараз қаласындағы бірқатар нысанға зақым келген
Жамбыл облысында ұйтқып соққан дауылды желдің салдарынан бірқатар нысандарға зақым келді. Тараз қаласы бойынша Абай, Жамбыл даңғылдары мен Қазыбек би, Қ.Сәтбаев, Көшеней көшелеріндегі және 15-ықшамаудандағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1405 шаршы метр шатыры зақымдалған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15-ықшамауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында қайғылы жағдай орын алды
Бүгін Жамбыл облысында қайғылы жағдай орын алды. Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласының 2-ықшамауданындағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатынан өрт шығып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды. деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Жамбыл облысы: мәселе көтерілді, шешімі талқыланды
Бүгінде жамбылдық тұрғындарды қандай мәселе толғандырады? Бұқара мен биліктің арасында байланыс қаншалықты? Берілген уәде орындалып жатыр ма? Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. Онлайн-режимде өткен жиынға Тараз қаласынан және өңірдегі аудан, ауылдардағы тұрғындар тарапынан көптеген сұрақ түсті.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында экономика дамып, өндіріс көлемі артып келеді
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев онлайн-режимде халыққа есеп беру кездесуін өткізді.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2021
Таразда Иштван Қоңыр Мандокиға арналған конференция өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Тараз қаласында «Түрік халықтарының рухани құндылықтары және Қоңыр Мандоки мұрасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті. Аталған шараны Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Мажар-Қазақ «Barsz» қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Туризм • 18 Ақпан, 2021
Жамбыл жерінің жәдігер жауһарлары
Көне Тараз қаласының құпиясын ашу күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Мұндағы мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан жәдігерлер шаһардың кезінде ұлы өркениет ошағы болғанын көрсетеді. Мәселен, Әулиеата топырағындағы ерте ислам дәуіріндегі жерасты мешіті, Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелерінің өзі-ақ көненің көзі, тарихтың сөзі болып тұнып тұр.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Жамбыл облысында көктемде 38 елдімекенді су басу қаупі бар
Жамбыл облысындағы елдімекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ, тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбековтің айтуынша, өңірде көктемгі мезгілде су басуы мүмкін 38 елдімекен бар екен. Олар су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен және тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ.