Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1181 материал табылды

Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде

Алғыс айту күні Әулиеата өңірінде де өзіндік сән-салтанатымен аталып өтті. Айтулы мереке қарсаңында тараздықтар қала орталығындағы «Арбат-1» аллеясында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Әкім ақынға құрмет көрсетті

Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың үйіне Жамбыл облысының әкімі арнайы барды. Ақынның жуырда ғана жарық көрген бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Руханият • 25 Ақпан, 2021

Әулие ата һәм ұлы жырау

Жыр алыбы Жамбыл бабамыздың «Атыңнан айналайын Әулие ата, атыңды мен алды деп болма қапа», деген жыр жолдары бүгінде бүкіл қазаққа мәлім.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті

Бүгін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Әулиеата өңірінен шыққан азаматтармен "Жомарт түлек-2021" атты кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Жамбыл облысында 25 мың гектар егістік жер игерусіз қалған

Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылған. Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосыновтың айтуынша, өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг, яғни әуе арқылы бақылау жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Оттегі стансалары жетіспейді

Әлемді әбігерге салған коронавирус індеті көптің көңілінде күрделі мәселе күйінде әлі де тұр. Өкінішке қарай қауіпті індеттің алғашқы толқынында біраз адам ауырып, тіпті індет салдарынан қайғылы жағдайлар да орын алды. Жамбыл облысында да індет жұқтыру дерегі артып, өлім жағдайы тіркелді. Күн сайын естілетін бір жаманат хабардың елдің еңсесін түсіргені де рас. Дегенмен қиын кезеңдегі дәрігерлердің жанкешті еңбегі жұрттың көз алдында. Ал өңірдегі жомарт жандар бірқатар емханаға өкпені жасанды желдету аппаратын алып беріп, көмек көрсетті. Алайда әлі де болса қауіптің қара бұлты сейілмей отыр.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Сапасыз жұмыс сергелдеңге салады

Қыстың көзі қырауда, ақборан ақпан айында Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта жылыту құрылғылары істен шығып кетіп, жергілікті жұртшылықты әбігерге салған еді. Бұл төтенше оқиға салдарынан қаладағы бірқатар нысан жылусыз, ыстық сусыз қалды. Зерделеу нәтижесі бойынша, қазандықтың істен шығуына сапасыз мазут себеп болған.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Мандоки мұрасы – түркі халықтарына ортақ құндылық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­ бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында Тараз қаласында «Түркі халықтарының рухани құн­дылықтары және Қоңыр Ман­доки мұрасы» тақырыбында ха­лық­аралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті.

Қоғам • 22 Ақпан, 2021

Жаңатаста өрттен қайтыс болған бес баланың ата-анасына пәтер берілді

Өткен жұма күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан бір үйдегі бес бірдей бала көз жұмған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қара жамылған Әбдімәліковтер отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізген еді.

Спорт • 22 Ақпан, 2021

Балуан атындағы бұрыш

Аты аңызға айналған балуан Жақсылық Үшкемпіров бүгінгі Байзақ ауданының Дихан ауылында дүниеге келген. Шағын ауылдан шыққан спортшы осыдан қырық бір жыл бұрын Мәскеу Олимпиадасында топ жарып, қазақ атын әлемге әйгіледі.