Аймақтар • 26 Наурыз, 2021
Жамбыл облысының бірқатар аудандарында су тасқыны болуы мүмкін
Көктем келіп, күн жылыған шақта табиғаттың тосын мінез танытуы мүмкін. Жамбыл облысында да күннің күрт жылынуы салдарынан су тасқыны болуы ықтимал екені ескертілуде. Ал, оған өңір қаншалықты дайын?
Қоғам • 26 Наурыз, 2021
Жамбылдықтардың жартысы екпе салдырады
Бүгінде коронавирус індетінен қорғану мақсатында елімізде тұрғындарға вакцина салу науқаны жүргізілуде. Әуелі жергілікті жерлерде бұл үрдісті сол өңірдің бірінші басшылары бастап беріп, одан кейін түрлі сала басшылары жалғастырған еді. Қауіпті індеттің алдын алу үшін қазіргі кезде көпшілік өз еркімен вакцина салдыруда.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Тараз қаласының әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Бүгін Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев шаһар тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Еgemen.kz
Экономика • 25 Наурыз, 2021
Зауыт қалдығынан жұрт зардап шекпесін десек...
Тараз қаласынан шығып Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылына баратын «Тараз-Аса» бағытындағы тасжолдың бойында тау-тау болып үйілген фосфогипс қалдықтары бар. Бұған жұрттың көзі де үйреніп кеткен. Ал бұл аумақ Тараз қаласымен іргелес, сондай-ақ маңында Жамбыл ауданына қарайтын бірнеше ауыл орналасқан. Осы аумақта «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Минералды тыңайтқыштар зауыты жұмыс істейді.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Әулиеата өңірінде лайықты деңгейде ұйымдастырылуда. Күн мен түннің теңеліп, айдың жаңа туған сәтінде жергілікті жұртшылық аймақты абаттандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар жерлерінде Наурыз тойы тойлануда.
Аймақтар • 22 Наурыз, 2021
Тараз қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Тараз қаласындағы саябақтар мен алаңдарда ұйымдастырылды.
Руханият • 21 Наурыз, 2021
Аштық кезінде де Наурыз мерекесі аталып өтті
Наурыз қазақ даласында ежелден келе жатқан мейрамның бірі. Омар Һайям, Әбу Райхан әл-Бируни сияқты әйгілі тұлғалардың шығармаларында Шығыс халықтарының Ұлыстың ұлы күнін қалай атап өткендігі жазылады. Ықылым замандарда бұл күні әр жерге от жағып, отқа май құю, жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжау, ескі киімдерді тастау, ескірген ыдыстарды сындыру секілді дәстүрлер болған. Ал қазақ халқының ежелгі танымы бойынша бұл күні даланы Қыдыр аралап, әр үйге бақ-береке тілейді. Наурыз мейрамы қарсаңында жеті түрлі дәмнен наурыз-көже пісіріп, оны халыққа тарату үрдісі ел ішінде әлі де сақталған.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Наурыз айының орта шенінде ел ішінде Амал мерекесі аталып өтеді. Бұл күнді халық «Көрісу күні» деп те атайды. Қыстан аман шыққан көпшілік Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бір-бірімен жолығысып, ақ тілек айтып, бір-бірін аман көргеніне шүкіршілік етіп, алдағы күнге де жақсы тілек тілеп жатады. Бұл да – халқымыздың ежелден келе жатқан тәрбиелік мәні бар мерекесінің бірі.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2021
Тарихи шаһардың жаңа әкімін қала активіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Наурыз, 2021
Жамбылдық екі мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, елімізде педагогтарға арналған «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы тағайындалды, деп хабарлайды Еgemen.kz