Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Тараз қаласының әкімі ауысты

4168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи шаһардың жаңа әкімін қала активіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз қаласының әкімі ауысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Жамбыл облысы әкімінің өкімімен осы уақытқа дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

 Өңір басшысы осы уақытқа дейін қаланы басқарып келген Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айта келіп, Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты екенін атап өтті. «Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз – мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жылы Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды дамытуға, қаланың келбетін жақсартуға көңіл бөлінеді», деді Бердібек Сапарбаев. Өз сөзінде Айтқазы Қарабалаев Тараз жұртшылығына алғыс білдірді. Ал жаңа тағайындалған әкім Ержан Жылқыбаев өзіне артылған сенімді ақтайтынын айтып, уәде берді.