Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Жамбылда 4 ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айы да келіп жетті. Ұлық айда Жамбыл ауданының Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты және Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, бүкіл мұсылман қауымына үлгі боларлық іс жасады. Ислам дінінде рұқсат етілмеген әрі харам саналатын ішімдіктің таралуына және сатылуына ауылдықтар түгелдей қарсы болған.

Аймақтар • 14 Сәуір, 2021

Таразда карантин талаптарын бұзу тоқтамай тұр

Бүгінде Тараз қаласы қауіптілік деңгейінің «жасыл» аймағынан «сары» аймағына өтті. Алайда аурушаңдықтың тұрақтану, төмендеу үрдісі байқалмайды. Коронавирус індетін жұқтыру дерегі зейнеткерлер ішінде көп тіркелуде. Бүгінде қалада 440 қарт кісі қауіпті індетті жұқтырған. Жұмыссыздар қатарында 370 адам болса, медициналық қызметкерлер саны 50-ді құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 12 Сәуір, 2021

Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең

Қазақ тарихындағы қара қаріппен таңбаланған қасіретті аштықтың зардабы туралы аз айтылған жоқ. Көптеген тарихи деректе, көркем шығармада түрлі тағдыр иелерінің қайғылы халі, жазықсыз күйі бейнеленді.

Руханият • 12 Сәуір, 2021

Тарихи жерлердің тағылымы бөлек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жүзеге асырылған болатын. Аталған жоба арқылы бүгінгі ұрпақ туған тарихын танып, ел мен жердің киесін ұғып өсетіні анық. Бұл орайда, әрбір өңірдегі тылсым тарихтан тағылым тартатын, өткен күндерден сыр шертетін көне де киелі мекендер Ұлы даланың рухани биігінде күні бүгінге дейін жаңғырып тұр. Елдің иесін, жердің киесін танытатын дала жауһарлары бүгіннен өтіп, келешекке қарай жол тартатын жәдігерлер болып қала бермек.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2021

Жамбыл облысында еңбекақы дауы жолға қойылды

Жамбыл облысында бүгінде еңбекақы дауы жолға қойылып, жыл басынан бері 108,1 теңге жалақы қарыздары өндірілген. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы екен. Ол еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп – жалақының  уақытылы төленбеуі екенін айтты.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2021

Ғазиз Байтасов ескерткіші ашылды

Биылғы сәуір айында Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасов тірі болғанда ердің жасы елуге толатын еді. Ол 2011 жылы Тараз қаласында қауіпті террористі ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Батыр­дың туған күніне орай, «Жеңіс» саябағында Ғазиз Байта­совқа арналған ескерткіш ашылды. Оның есімі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында Халық қаһарманы атағын алған алғашқы әрі жалғыз адам ретінде де құрметпен аталады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Жамбыл облысында вакцина салу жалғасуда

Жамбыл облысында коронавирус індетінен қорғану үшін тұрғындарға вакина егу жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 30 Наурыз, 2021

Ұлы жыраудың жырларын оқыды

Тараз қаласындағы Жам­­­был облыстық көзі көр­мейтін және әлсіз көретін азамат­тар кітап­ханасының ұйымдас­тыруымен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында «Жыр алыбы – Жам­был» атты Жамбыл Жабаев­тың өлеңдерін оқу­дан байқау өтті.

Оқиға • 30 Наурыз, 2021

Жасыл желек жанға сая

Жалпы, Жамбыл өңірін, сондай-ақ Тараз шаһарын жасыл желекпен көмкеру, сол арқылы сәулетін арттыру күн тәртібіндегі жоспардың бірі. Қазіргі кезде қала көшелерінде және ауылды жерлерде тал отырғызу дәстүрге айналған. Көктем келіп, айнала түрленген шақта бұл үрдіс тіпті жандана түсті. Мәселен, «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында облыс орталығының Төле би көшесіндегі индустриялы аймақта ағаш отырғызу акциясы да биыл өз жалғасын тапты.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Оңалту орталығының көмегі көп

Тараз қаласындағы «Мамыр» тоғайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту-сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Мемлекет қолдауының нәтижесінде, өткен жылы мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшірілген болатын. Ол үшін облыстық бюджеттен 170 млн теңге қаралған. Ал қосымша бөлінген 12 млн теңгеге жиһаз және қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Нәтижесінде аталған орталықтағы тәрбиеленушілер саны 40-тан 68-ге артқан.