Руханият • 02 Ақпан, 2021
Биыл – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ұлы жыраудың рухты, отты өлеңдерімен қатар, Құлманбет, Сарыбас, Айкүміс және өзге де ақындармен айтысы сақталған. Елдің бірлігін, халықтың татулығын жырлап, болашақ ұрпаққа баға жетпес мұра қалдырды. Жыраудың атымен аталатын өңірде ұлы ақынның мерейтойына арналған шаралар басталып та кетті.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдерінің есебіне қатысуда
Ағымдағы жылғы қаңтар айының соңын ала Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің халыққа есеп беру кездесуі басталды. Өңірдің он ауданындағы әрбір округ әкімі жұртшылықпен жүздесуде. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл әкімдерінің есебіне қатысуда. Ауылдықтармен жүздесіп, олардың талап-тілектерін тыңдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысында ұрлықтың көп бөлігі Тараз қаласында жасалады
Жамбыл облысында жергілікті полицейлер өткен жылы карантиндік шектеу шараларына қарамастан, өңірдегі қылмыс санының төмендеуіне күш салған. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Мадимаров облыстағы өзге де жағдай туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қаңтар, 2021
Меркілік кәсіпкерлер мемлекеттен қолдау күтеді
Қазіргі кезде Меркі ауданы сүт өнімдерін өңдеумен және өндірумен елімізге белгілі ауданның бірі. Мұнда өндірілетін ірімшік, айран, қаймақ сияқты өнімдерді еліміздің көптеген қалаларынан кездестіруге болады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2021
Тілсіз жау тұтқиылдан тап бермесін
Биылғы қаңтар айының алғашқы онкүндігінде Жамбыл облысының аумағында қалың қар жауып, аяздатқан еді. Өткен желтоқсан айы да солай болған. Бірақ өңірде кейін ауа райы күрт өзгеріп, күн бірден жылып сала берді. Алайда мамандардың айтуынша, көктемнің көкөзек шағындай әсер беретін күн райының құбылмалы құбылысы аймақта апатты жағдай тудыруы мүмкін.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2021
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен қанша күрес жүргізілсе де, оны түбегейлі тоқтату мүмкін болмай отыр. Қазіргі кезде қоғамда қызу талқыға түскен мәселенің бірі де осы. Сыбайластық қай саланы жайласа да, оны жегіқұрттай түбірімен жеп тынатыны анық. Ал «бармақ басты, көз қысты» әрекет болашақ ұрпақты тәрбиелейтін, қалыптастыратын білім саласында орын алып жатса, тіптен сорақы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда мұғалім мәртебесін көтеру керектігін айтып, оларға тиісті жағдай жасауды тапсырған еді. Бірақ мемлекет тарапынан қанша қолдау болса да, Жамбыл өңіріндегі білім саласында заңсыздық белең алып тұр.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021
Қордайдағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы қарқын алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгінде Қордай ауданының Гвардейский ауылында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021
Жамбылда биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 95 430 адам жұмыспен қамтылады
Бүгін Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізіп, биыл барлық әлеуметтік көмектер мен техникалық оңалту құралдары портал арқылы берілетінін айтты.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2021
Жамбыл облысында балық шаруашылығы дамып келеді
Жамбыл облысында өткен жылы балық шаруашылығын дамыту қолға алынған болатын. Бүгінде өңірде 122 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны бар. Ал, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіппен айналысуға ниетті 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген болса, қалған 38 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2021
Жуырда Әулиеата өңірінде бір адамды ажалдан аман алып қалған азаматтардың ерлікпен бірдей әрекеті көптің назарына ілінді. Оқиға Т.Рысқұлов ауданы, Луговое кенті маңындағы тасжолда болған. Осы жерде өз жұмыстарымен кетіп бара жатқан Меркі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс капитаны Бауырбек Мырзахан мен оның досы Жандос Утбекбаев мінген көлікті жол бойында бейтаныс кісілер тоқтатып, көмек сұрайды.