Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1180 материал табылды

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021

Ералы Тоғжанов Қордай ауданындағы жұмыс барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Өңірге сапары барысында Қордай ауданына барған Үкімет басшысының орынбасары әуелі Гвардейский ауылындағы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021

Шу ауданында қойма мәселесі шешілуде

Өнім көлемін арттыру өңірлердің экономикалық тұрғыдан дамуына айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарға мемлекет қолдауының нәтижесінде, ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартылса, бұл да жергілікті әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған маңызды қадамның бірі саналады.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2021

Су мәселесіне салғырт қарауға болмайды

Өңірге негізгі су көзі айыр қалпақты ағай­ын­ның аумағынан келеді. Бі­рақ таудағы қар суы­нан пайда болып, одан Қыр­ғыз жеріндегі «Ки­ров» суқоймасына барып жиналатын. Сол жерден Жамбыл облы­сын­дағы өзендерге, суқойма­ларға құятын судың мә­нісі болмай тұр. «Бір­де көл, бірде шөл» дей­тін­дей, табиғаттың тосын мі­незі биыл өңірдегі ша­руа­шылыққа оңай болмайтын түрі бар.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев облыс аумағында су басудың орын алуы Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі және тау бөктеріндегі елді мекендерде еріген қар мен жаңбыр суларынан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды

Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында талай жылдан бері көпшіліктің көкейкесті мәселесі шешіліп, су жүйесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 18 Қаңтар, 2021

Шарын балуан

Елдің еңсесі әрдайым ерімен биік, абыройы тұлғасымен асқақ. Қазақтың қай қиырында да ел үшін туған ерен тұлғалар болған. Халықтың рухын білімнің шырағымен де, білектің күшімен де қорғаған тұғырлы тұлғаларының есімі ұлт үшін әрдайым қастерлі. Еліміз егемендік алған кезеңнен бері елдік мүдде жолында жан аямаған жайсаңдардың жақсы аты ұрпақ санасында қайта жаңғырды.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Жамбыл облысында оқушылардың 49 пайызы қашықтықтан оқуда

Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына келіп, облыста оқу жылының үшінші тоқсанында 222 мектеп оқушыларды қашықтықтан оқытуда екенін, қазір мектептердегі оқу үрдісі 3 түрлі форматта жүретінін жеткізді. Сондай-ақ, өңірдің бас педагогы мектеп бітіруші 9 және 11  сыныптардың барлық оқушылары дәстүрлі форматта оқуды бастағанын, оларда оқу пәндерінің 70 пайызы дәстүрлі түрде, ал қалған 30 пайызы қашықтықтан оқытылатынын айтты. Кезекші сыныптардағы оқушылардың саны 15 адамнан аспауы қажет екен. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды және үзіліске 5 минут берілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Ауылдарға ауыз су құбыры тартылды

Осы уақытқа дейін Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Жуалы аудандарында ауыз су мәселесі туындап келген болатын. Таза ауыз су көптеген ауылдық тың көкейкесті мәселесіне айналды. Бұл жыл өңір тұрғындары үшін жағымды жаңалықпен басталып отыр.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Алты мыңнан астам байқаушы бақылады

Еліміздің Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысының тұрғындары да белсенді түрде қатысты. Облыс бойынша дауыс беруге арналған барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған. Олар қажетті ұйымдастыру техникаларымен жабдықталып, телефон байланысы мен интернетке қосылған.

Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Сайлауға байланысты Таразда қоғамдық көліктер тегін жүргізілуде

Бүгін, яғни 10 қаңтар Парламент Мәжілісінің және түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау күні. Еліміздің әрбір азаматы өз таңдауын жасауға құқылы. Бұл ретте сайлаушылар үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мәселен, Тараз қаласы бойынша жалпы саны 125 сайлау учаскесі белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz