Жамбыл облысында өткен жылы балық шаруашылығын дамыту қолға алынған болатын. Бүгінде өңірде 122 жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны бар. Ал, республикалық маңызы бар Балқаш көлінің 18 учаскесі орналасқан. Оның 83-і кәсіппен айналысуға ниетті 74 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген болса, қалған 38 балық шаруашылығы су айдыны әзірге бос.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Руслан Балтаев ағымдағы жылдың тамызында резервтік қордағы 13 балық шаруашылығына су айдындарын бекітіп беру конкурсы өткізілгенін айтты. Конкурсқа 18 кәсіпкерден 20 конкурстық өтінім түскен. Нәтижесінде 5 кәсіпкерге 5 балық шаруашылығы су айдындары бекітіліп берілген. Алдағы уақытта қалған су айдындарына конкурс жарияланады. Жалпы, өңірдегі балық шаруашылығы су айдындарына ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап, 1 шілдесіне дейін балық аулау лимиті 673,3 тоннаны құрап отыр. Бүгінгі күнге 666 тонна балық ауланыпты. Нәтижесінде табиғат пайдаланушылардан жергілікті бюджетке 11 миллион 943 мың теңге түскен. Ал, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін облыс аумағындағы балық шаруашылығы су айдындарына балық аулау лимиті 1150,7 тоннаны құрап отыр.
Алайда, облыстағы балық шаруашығын дамытуда су айдындарын тіршілік нәрімен қамтамасыз етуде кедергілер бар болып отыр. «Басқарма облыстағы барлық су айдындарының сумен қамтамасыз етілуін зерделеп шықты. Нәтижесінде, 122 су айдынның ішінде тек 17 айдында ғана су деңгейі тұрақты екендігі анықталып отыр. Біз облысымыздағы балық шаруашылығы су айдындарын сумен тұрақты қамтамасыз етпесек, келешекте балық шаруашылығын дамыту қиынға соғады. Оның үстіне, табиғи су қоймаларында өсірілген балық аулау квотасын көтеру де қиындық туғызады», дейді Руслан Балтаев. Сондықтанаталған басқарма жеке тоғанда интенсивті балық өсіру шаруашылығын дамыту тәжірибесін қолға алған. Бұл әдістің ерекшелігі – кәсіпкер өзінің жеріне тоған салып, балық өсіреді. Жем, шабақ, аналық балық сатып алу, құрал-жабдық сатып алу мемлекет тарапынан субсидияланады. Тоғанды алып қою қаупі болмайды. Сонымен қатар, өңірде тауарлы балық өсіру кәсібін өрістету жолға қойылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аймақтағы өзендердің жағасынан балық шаруашылығын жүргізуге қолайлы жерлерді анықтау мақсатында арнайы топ құрылған. Жұмысшы топ зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қордай, Шу және Мойынқұм аудандары арқылы өткен Шу өзенінің арнасын және Жамбыл мен Байзақ аудандары арқылы өткен Талас өзенінің арнасынан тоған жасауға жарамды 24 жер учаскелерін анықтаған. Қордай, Шу және Мойынқұм аудандарындағы Шу өзенінің бойында барлығы 119 гектарды құрайтын 13 учаске анықталған. Мамандардың айтуынша, осы учаскелерде балық өсіру тоғаны жасалса, 238 тонна тауарлы балық өсіруге мүмкін болмақ. Ал, Жамбыл және Байзақ аудандарындағы Талас өзенінің бойынан 16,6 гектар аумақты құрайтын 11 учаске алынып, ол жерде 24,8 тоннаны құрайтын тауарлы балық өсіруге болады екен.
Сондай-ақ, облыста тау бөктерлеріндегі салқын суларда форель шаруашылығын дамыту бойынша қарқынды жұмыстар басталған. Аталған балық түрін өсіруге қолайлы өзендерді анықтайтын және резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарға облыстық бюджеттен 29,5 миллион теңге бөлініп, бүгінгі күні конкурс жеңімпазы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі танылған. Бұл орталық Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов және Жуалы аудандарының тау бөктерлеріндегі 22 тау өзендеріне және 36 балық шаруашылығы су айдындарына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде 22 тау өзенінің 17-сі ғана жарамды екені анықталған.
Жамбыл облысы
Шымкентте мұғалімдерді COVID-ке қарсы вакцинациялау басталды
Коронавирус • Бүгін, 09:22
Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Қоғам • Бүгін, 09:16
Қауіпті індеттен 944 науқас емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:11
Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Жеңіске жеткізген «Жұмыр қылыш»
Руханият • Бүгін, 08:18
Руханият • Бүгін, 08:17
Халықаралық турнирлерге қатысады
Спорт • Бүгін, 08:16
Спорт • Бүгін, 08:15
Спорт • Бүгін, 08:14
Карантин құрсауы сөгіле бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Қоғам • Бүгін, 08:08
Экология • Бүгін, 08:08
Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Әдебиет • Бүгін, 08:03
Қоғам • Бүгін, 08:00
Театр • Бүгін, 07:56
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:53
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 07:51
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Қоғам • Бүгін, 07:50
Зауыт жұмысшылары далада қалмайды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:43
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Қоғам • Бүгін, 07:41
Әлем • Бүгін, 07:39
Цифрлы өзгерістің жеңімпаздары мен жеңілгендері
Технология • Бүгін, 07:38
Бес жылда агросекторға 4 трлн теңге тартылады
Экономика • Бүгін, 07:36
Бауырластық байланыстар беки береді
Президент • Бүгін, 07:32
Аймақтар • Бүгін, 07:12
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 07:11
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар