Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1641 материал табылды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2021

«Алтын микрофон» иелері анықталды

Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық фестивалі мәреге жетті. Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті.

Бизнес • 13 Желтоқсан, 2021

Іскер әйелдер бас қосты

Қостанайда «Тәуелсіздік жылдары кәсіпкер әйелдердің өңір экономикасына қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шара барысында кезінде тәуекелге барып бизнесін бастап, бүгінде көпшілікке табысты кәсіпкер ретінде танылған іскер әйелдердің тәуелсіздікпен тамырласа өрілген тағдыры туралы әңгіме айтылып, әйелдер бизнесінің бүгіні мен ертеңі қалай болады деген мәселелер төңірегінде сөз өрбіді.

Ауыл • 03 Желтоқсан, 2021

228 елді мекенге ауыз су келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін ауыл халқын сапа­лы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын толық аяқтауды талап етіп отыр. Қос­танайда облыс әкімі А.Мұхамбетовтің төрағалық етуімен өткен ке­ңесте Пре­зидент тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындау мәселесі тал­қыланды.

Аймақтар • 30 Қараша, 2021

Өндіріс өрістеген өңір

Қостанай облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өсімге қол жеткізіп отыр. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өңірдің өнеркәсіп саласы жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық өнім шығарып, жалпы өнім көлемі 8,1% ұлғайған. Өңдеу өнеркәсібінде де өрлеу байқалады. Бүгінде аймақтың ауылшаруашылық тауарларын өңдеу саласы ішкі нарықтың тұтасқа жуығын қамтиды. Облыс экономикасына соңғы он ай ішінде тартылған 306,2 млрд теңге көлеміндегі ауқымды инвес­тиция өңірлік өндірістің өрістей түсуіне серпін берді.

Аймақтар • 26 Қараша, 2021

Ұлу фермасы ашылды

Әлем халқы жылына 120 мың тоннадан астам ұлуды таңсық ас ретінде тұтынады екен. Мұның өзі жалпы сұраныстың 60-70 пайызын ғана жабатын көрінеді. Тобыл өңірінде тұңғыш ұлу фермасын ашқан ерлі-зайыпты Старковтардың айтуынша, оны өсіру көп қаржыны керек етпейді және бәсекесі аз әрі табысты бизнес болып саналады.

Ауыл • 24 Қараша, 2021

Малға кесел қайдан келді?

Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты Албарбөгет ауылдық округінде мал жаппай ауырып, алды өліп жатыр. Мәселен, Көкалат ауылының маңындағы Сор қонысында отырған «Айдос» шаруа қожалығында осыдан үш күн бұрын екі сиыр белгісіз кеселге шалдығып, бір күннің ішінде 600 бас сиырға ауру жұқтырған.

Спорт • 24 Қараша, 2021

Ерекше спортқа құлшыныс жоғары

Тобыл өңірінде соңғы он шақты жылдың ішінде ерекше қажеттілікке ие жандарға арналған спорт жарыстары мен турнирлер жиі өтіп жүр. Облыста мүмкіндігі шектеулілер спорты да жыл санап дамып келеді. Аталған салада түрлі мәселелер де бой көрсетіп қалады, бірақ біртіндеп шешімін тауып жатыр.

Аймақтар • 24 Қараша, 2021

Сүт өнімдеріне сұраныс жоғары

Қостанай облысында сүт өнімдерінің сыртқы сау­дадағы үлес салмағы артып келеді. Ай­мақ­та сүттен жасалған тауарларды экспорттап отырған екі бірдей ірі кәсіпорын бар. Оның бірі – Қостанайдағы «Деп» компаниясы болса, екіншісі – Рудный қаласындағы «Лидер-2010» серіктестігі.

Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен

Былтыр Затобол деген ескі атауын тарихқа өткізіп беріп, қала мәртебесіне ие болған ең жас қала Тобыл шаһарының бүгінде ұлт мәдениетінің жаршысы, дәстүрлі өнердің насихатшысына айнала бастағаны қуантады. Қаланың қақ ортасына орналасқан «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақтың ақыны, сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын насихаттап, ұлы ұстазға көп қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.

Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Тобылдағы Тәуелсіздік аллеясы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Бейім­бет Майлин ауданындағы Тобыл кентінде «Ұлт рухы» деп аталатын тәуелсіздік аллеясы ашылды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жо­баның құрылысына алтын мен мыс өндіретін ірі кәсіпорын «Варваринск» акционерлік қо­ғамы 16,5 млн теңгеден астам қаржы бөлген.