Референдум • 17 Мамыр, 2022
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстың тағдыры 5 маусымда өтетін республикалық референдумда халық талқысы арқылы шешілмек. Осыған орай бір топ Мәжіліс депутаты өңір тұрғындарымен кездесіп, уақыты таяп қалған маңызды саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 16 Мамыр, 2022
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ел ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы арагідік болса да қызықты әңгімелер айтылып қалады. Бірақ қаншалықты рас екені белгісіз, өйткені нақты дерек-дәйегі жоқ. Алайда кемеңгер өмірінің бір үзігінен сыр шертетін мұндай хикаяттарды тарихи ақиқаттан алшақ жатыр деп елеусіз қалдыруға да болмайды. Ұлт ұстазына қатысты айтылатын әр сөз алтын. Сондықтан таяуда өзіміз естіген екі әңгімені Ахаң туралы нақты дерек ретінде емес, ел аузында жүрген аңыз ретінде жариялауды жөн көрдік. Кім біледі, дерексіз болса да, керексіз болмас, аңыздың астарында ақиқат жатуы мүмкін.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2022
Қарабалық ауданында қазақ журналистикасының атасы Мұхаметжан Сералиннің 150 жылдығына арналған экспедиция жұмысы басталды. Жергілікті өлкетанушылар мен музей қызметкерлері ақын шығармаларында суреттелетін оқиғалар өткен өңірлерді аралап, қаламгердің әдеби мұрасын насихаттауды көздейді.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2022
Өтімді дақылдар көбірек егіледі
Қостанай облысы осы көктемде 4 млн 772 мың гектар дәнді дақыл себуді жоспарлап қойды. Биыл арпа-бидай алқабының көлемі былтырғымен салыстырғанда шамамен 100 мың гектарға кемиді. Есесіне майлы дақыл көлемі 651 мың гектарға дейін ұлғайды.
Кино • 11 Мамыр, 2022
Қостанайда қазақ театрының қазығын қағып, негізін қаласқан аса көрнекті өнер қайраткері Серке Қожамқұловтың 125 жылдығына арналған «Seraly Film Festival» республикалық қысқаметражды көркем фильмдер фестиваль-байқауы өтті.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2022
Қостанайда 12 үй өртеніп кетті
9 мамырда кешкі сағат бестен өте Қостанай қаласының шетіндегі жеке тұрғын үйлер қызыл жалынға оранды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Тобыл өзенінің жағасындағы қамыс-құрақтан өрт шығып, жақын орналасқан тұрғын үйлер мен қора-жайларға, сол маңайда тұрған автокөліктерге тез көшкен. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қызыл жалын кешкі сағат 21:24-те сөндірілді.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2022
Қостанай қаласында Отан қорғаушы күніне арналған велошеру өтті. Жастарға елшілдікті, жалпыға бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға, арасында кәсіби спортшылармен қатар, әуесқой велосипедшілер де бар, шамамен 500-ден астам адам қатысты.
Экология • 06 Мамыр, 2022
Науырзым қорығындағы қызғалдақтардың гүлдеуі әдетте ерте көктемде басталады да, ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы 7-8 түрлі бояуға бөлеп, құбылта құлпыртып тұрады.
Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Мамыр, 2022
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Алаштың Ахметі» спектаклінің премьерасы өтті. Драма-элегия жанрындағы сахналық туынды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жер тұтастығы мен ел бүтіндігін сақтап қалу жолындағы жанкешті еңбегі мен елдің саяси-рухани тұрғыда еңсе түзеу жолындағы қайраткерлігін бейнелейді.
Өнер • 03 Мамыр, 2022
Қостанайда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Этнокөрмеде Тобыл өңірінде тату-тәтті тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің төл мәдениеті мен тұрмыс-салтынан көрініс беретін музыка аспаптары, тоқыма бұйымдары, сәндік әшекейлер мен қарапайым тұрмысқа қажет ұсақ-түйек заттар сөреге қойылды.