Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Әулиекөл ауылының орталығындағы Пожарный деп аталатын шағын көлге қонған он шақты бірқазанды жергілікті тұрғындардың бірі суретке түсіріп алыпты.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2022
Қостанай облысындағы Аманкелді ауылы мен Қабырға ауылдық округін жалғап жатқан күре жолды тасқын су жырып кетіп, Қабырға ауылы қарғын судың құрсауында қалды. Аманкелді аудандық прокуратурасының мәліметінше, жол қатынасы үзіліп қалған елді мекенде 282 тұрғын, 33 үй бар.
Тарих • 04 Сәуір, 2022
Ахаңның батасын алған тергеуші
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Ахмет Байтұрсынұлынан 1937 жылы ең соңғы рет жауап алған НКВД тергеушісі Хамза Нұржановтың аудиоестелігі сақтаулы тұр. Көлемі 40 минуттай болатын құнды аудиожазбаны музейге қарт чекистің немересі Саян Нұржанов әкеліп тапсырыпты.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Кемтар бала бағып отырған қостанайлық ата-аналардың біразы пәтер жалдап, біреудің босағасында күнелтіп жүр. Ипотекалық несиеге қор жимақ тұрмақ, пәтерақысын әзер төлеп отырған мұндай отбасылардың айлығы шайлығынан артылмайды. Бар тапқан-таянғанын баласының дәрі-дәрмегіне жұмсайды. Тұрмыс ауыртпалығы қажытқан қамкөңіл аналардың біразы таяуда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне келіп, «Отбасы банкі» мен қалалық әкімдік өкілдерімен кездесті.
Қоғам • 04 Сәуір, 2022
Оспановтар отбасындағы оныншы бала
Қостанайда тұратын көпбалалы отбасында оныншы нәресте дүниеге келді. Баланы перзентханадан шығаратын күні құндақтаулы сәбиін құшақтаған батыр ана Құралай Оспанованы отағасы Атымтай бастаған жақын туыстары мен домбыра, сырнайларын көтере келген өңір өнерпаздары перзентхананың алдынан әндетіп-думандатып күтіп алды.
Өнер • 31 Наурыз, 2022
Өнер мен ұстаздықты ұштастырған
Тәуелсіздік жылдары Тобыл өңіріндегі ұлттық өнердің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғалардың ішінде халық ақыны Әсия Беркенованың есімі ерекше аталады. Республика деңгейінде өткен талай аламан айтыстарда топ жарып исі қазақтың Әсиясы атанған ақын ауылдан қалаға қоныс аударғаннан кейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университеті жанынан «Өнер студиясын» ашып, бойында таланты бар студент-жастарды өнерге баули бастады.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2022
Қостанайдағы №28 мектеп-гимназияда өткен «Бала барысы» облыстық турнирі өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен балалар жылына арналған белдесуге бұған дейінгі іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған Арқалық, Лисаков, Қостанай қаласы, Қостанай және Федоров аудандарынан келген 25 жас балуан күш сынасты.
Ахмет Байтұрсынұлы • 29 Наурыз, 2022
Қостанайдағы кітапханалардың бірінен белгілі ғалым Орынай Жұбайдың құрастыруымен 2017 жылы жарық көрген «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты еңбекті көзім шалып қалды. Көлемді еңбекте Ахмет Байтұрсынұлының 1914-1928 жылдар аралығында жарық көрген «Тіл – құралы» мен «Әдебиет танытқышы», тіл ғылымына қатысты мақалалары, баяндамалары, пікірлері, сондай-ақ орталық архивтен табылған бірсыпыра құжаттар берілген екен.
Өнер • 29 Наурыз, 2022
Қостанай қаласының тұрғыны Қайсар Нұғыманов темірді қамырдай илеп, одан адам таңғалатындай ғажайып мүсіндер жасап шығарады. Бұрын сурет салатыны болмаса, мүсін жасап көрмеген шебер қырықтан асқан соң ғана қолөнердің ең қиын түріне түбегейлі бет бұрыпты.
Бизнес • 29 Наурыз, 2022
Кәсіпкерлікті қолдауға қосымша қаржы бөлінеді
Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қостанайдағы «Ыбырай» жел электр стансасы мен «АгромашХолдинг KZ» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Сондай-ақ мектеп, балабақша сияқты бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, өңір тұрғындарымен кездесті.