Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 23 Қараша, 2021

Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен

Былтыр Затобол деген ескі атауын тарихқа өткізіп беріп, қала мәртебесіне ие болған ең жас қала Тобыл шаһарының бүгінде ұлт мәдениетінің жаршысы, дәстүрлі өнердің насихатшысына айнала бастағаны қуантады. Қаланың қақ ортасына орналасқан «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақтың ақыны, сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын насихаттап, ұлы ұстазға көп қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.

Аймақтар • 22 Қараша, 2021

Тобылдағы Тәуелсіздік аллеясы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Бейім­бет Майлин ауданындағы Тобыл кентінде «Ұлт рухы» деп аталатын тәуелсіздік аллеясы ашылды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жо­баның құрылысына алтын мен мыс өндіретін ірі кәсіпорын «Варваринск» акционерлік қо­ғамы 16,5 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Аймақтар • 18 Қараша, 2021

«Тәуелсіздік ұрпағы» стартап байқауы өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің SMART-орталығында өңір жастарының Tayelsizdik urpagy стартап-конкурсы мәреге жетті. Байқау мамыр айында жарияланып, оған қатысуға облыс мектептерінің жо­ғары сынып оқушыларынан, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінен жүзге тарта өтінім ке­ліп түскен.

Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Тас көмір тапшы болып тұр

Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Алайда ауылдағы жұрт алты ай қыс жағатын отынын түгендей алмай алаңдаулы. Өйткені логис­ти­­када туындаған кедергілердің кесірінен аймаққа жеткізілетін кө­мір кешігіп келіп жатыр. Жағдайды облыс басшылығы жіті қада­ғалауына алғанымен, көмір тапшылығы әзірше жойылмай тұр.

Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Мерейтойға дайындық пысықталды

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсын­ұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік комиссия бекітіліп, республикалық жос­пар әзірленгені белгілі. Жоспарда белгіленген 60 шараның 23-і облыс әкімдіктеріне жүктеліп отыр.

Аймақтар • 15 Қараша, 2021

Тәуелсіздіктің тәтті дәмі

Балдай өнімдері бүгінде байтақ әлемнің әр түпкіріне тарап кеткен «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының табыс­ты өрлеу жолына бет бұрып, ішкі һәм сыртқы сауда кеңістігіне тең өтімді көп тәттілерінің брендке айналуы еліміз тәуел­сіздік алғаннан кейінгі өрісті отыз жыл ішіндегі экономикалық дамудың жемісі екені анық.  Тоқсаныншы жылдары тоқыраңқырап қалған ірі кәсіпорынға тәуелсіздік жылдары ауқымды инвестиция салынды. Нәтижесінде, Германия, Италия, Швейцария сияқты өндірісі өркендеген мемлекеттерден заманауи технология құрылғылары әкелініп, жаңа желілер орнатылды.

Аймақтар • 15 Қараша, 2021

Тас көмір тапшы болып тұр

Қылышын сүйретіп қыс та жетті. Алайда ауылдағы жұрт алты ай қыс жағатын отынын түгендей алмай алаңдаулы. Өйткені логис­ти­­када туындаған кедергілердің кесірінен аймаққа жеткізілетін кө­мір кешігіп келіп жатыр. Жағдайды облыс басшылығы жіті қада­ғалауына алғанымен, көмір тапшылығы әзірше жойылмай тұр.

Аймақтар • 15 Қараша, 2021

Тұлпар мініп, ту алған

Қостанайда Qazaq Epos ағарту жобасы аясында ел көлемінде өтіп жатқан «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақса­тында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – батырлар жырын насихаттау арқы­лы оқушыларды халық поэзиясына деген сүйіс­пеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу.

Аймақтар • 11 Қараша, 2021

Садақ атуға үйретеді

Қостанайда кезінде ұлтымыздың аңшылық пен жауынгерлік өнерінің ерекше өрістеп дамыған түрлерінің бірі – дәстүрлі садақ ату мектебі ашылды. Мұнда келетін ересектер мен балаларға жебе тартудың ережесі мен мергендіктің қыр-сырын дәстүрлі садақ тартушылар үйрететін болады.

Аймақтар • 11 Қараша, 2021

Комбинат өнімдеріне сұраныс төмен

2014 жылы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған Қостанайдағы үй құрылысы комбинаты тоқырап қалуға жақын тұр. Өйткені Тобыл өңірінде тез бой көтеріп жатқан тұрғын үйлер негізінен кірпіштен қаланады. Сон­дықтан комбинат шығарып жатқан ірі панелдер құрылысқа көп пайдаланылмайды. Осы­лайша, әу баста қолжетімді баспана құрылысының ауқымын кеңейту мақсатында ашылған кәсіпорынның өнімдері бүгінгі құрылыс нарығында сұранысқа ие бола алмай отыр.