Спорт • 28 Мамыр, 2023

«Қостанай қыраны» анықталды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы финалда белдескен қос мықты биыл тағы кездесті. Бұл жолы Арқалықтың балуаны Аслан Сағитбек жерлесі Алмас Жұмағалидан басым түсіп, «Қостанай қыраны» белбеуін иеленді.

«Қостанай қыраны» анықталды

Бозкілем шебері Аслан – бүгінде облыс құрамасын баптап жүрген Данияр Қарпықовтың шәкірті.

Қос балуанның финал­дағы белдесуі аса тартысты өтті. Қар­сы­­ласына қарағанда ши­рақ қимыл­даған Аслан аяқ­қа іліп шалу әдісін жасап, екі мәрте жарты ұпай алды. Осы­лайша, турнир жеңімпазы атан­ған Аслан Сағитбек 500 мың тең­ге, екінші орыннан көрінген Алмас Жұмағали 300 мың теңге, жарыстың қола жүлдегері Талғат Жиентаев 200 мың теңгенің сертификатын еншіледі.

Турнир жеңімпазы алдағы уақытта Астанада өтетін «Қазақ­стан барысында» өңір намысын қорғайды.

«Бұл жарыста анау осал, мынау мықты деп айта алмаймын. Бәрі баптың келісуіне байланысты. Осы жерге бақ сынап келіп отырған балуандар­дың бәрі кілең «сен тұр, мен ата­йын» деп тұрған жігіттер. Бірін­ші­ден, Алланың қалауымен, екін­шіден бапкерлеріміздің табан­ды­лығының арқасында жеңіс­ке жет­тік. Алда сол кісілердің өзімізге артқан үмітін ақтауға тырысуымыз керек, – дейді жарыс жеңім­пазы.

        

Қостанай облысы