Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1693 материал табылды

Аймақтар • 10 Қараша, 2021

Ауа мен су сапасы тексерілді

Қостанай облысында табиғи ортадағы ауа мен суды зерттеп, оның құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Эколог мамандар, әсіресе, «Қостанай минералдары» АҚ, «Тоқтар» «МК», «Варваринск» АҚ мен «Бренд» және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қарасты кен орындарының маңайындағы өзен-көлдердің ластану деңгейін анықтауға көп көңіл бөліп отыр.

Аймақтар • 09 Қараша, 2021

Мобильді кино фестивалі

Қостанай облысында мобильді кино фес­тивалі өтіп жатыр. Фестивальге жасы 16-дан асқан, бойында қабілеті, қалтасында смартфоны бар кез келген тұрғын қатыса алады. Ең бастысы, шағын фильмде әуесқой автордың шығармашылық ізденісі айқын көрінуге тиіс.

Өнер • 08 Қараша, 2021

Жеңімпаздар анықталды

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұлы ағартушы Ыбырай Ал­тынсариннің 180 жылдығына ар­налған «Жас толқын» республикалық фестивалі өтті. Байқаудың қорытынды кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан, Қарағанды, Павлодар және Қос­танай облыстарынан келген жас сурет­шілер мен мүсіншілердің, қолөнер ше­берлерінің туындылары көрмеге қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, он жыл бойы облыс көлемінде ұйымдастырылып келген дәстүрлі шара осымен үшінші жыл республикалық деңгейде өтіп отыр.

Спорт • 05 Қараша, 2021

Чемпиондар марапатталды

Қостанайда биылғы маусымдағы ел чемпионы «Тобыл» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Жастар сарайындағы салтанатты рәсімге Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты.

Қаржы • 04 Қараша, 2021

Екі елден зейнетақы алып келген

Өкінішке қарай, шетел азаматы бола тұра, заңды белден басып ебін тауып екі асап, екі мемлекеттің әлеуметтік сала­ға бағытталған көмегін қатар алып күнел­тіп жүргендер бар. Бұған бір дәлел, Қоста­най облысында 6 жыл бойы Қазақстан Респуб­ликасынан зейнетақы алып келген Ресей Федерациясының азаматшасы ұсталды.

Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Сирек кездесетін дертке душар болған балалар тегін емделеді

Қостанай облысында Дюшен миодистрофиясы дертіне шалдыққан үш сәби тегін ем ала бастады. Балғындардың сауығып кетуіне қажетті қымбат дәрілер мемлекеттің қаржысына сатып алынып отыр. 

Өнер • 03 Қараша, 2021

Өнер мектебіндегі өнегелі шара

Амангелді ауданындағы Төкен Елтебаев атындағы музыка мектебінде Батпақ­қара өңіріне белгілі өнерпаз, ұлағатты ұстаз Сәндібек Әубәкірұлы атындағы баян сыныбы ашылды.

Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың

Қостанайда «Тәуелсіздік, елімнің тұмарысың!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күн бойы елді елеңдетіп, Тобыл өңірі тұрғындарын тұмса өнердің тұнығына сусындатқан айтулы жыр сайысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналды.

Аймақтар • 29 Қазан, 2021

Ыбырай оқулары

Қостанайда «Ыбырай оқулары» атты дәстүрлі байқау өтті. Биыл ұлы ағар­тушының 180 жыл­дығына орай облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйым­дастыруымен өткен өңірлік білім жарысына 18-29 жас аралы­ғындағы 40-қа жуық үміткер қатысты.

Коронавирус • 29 Қазан, 2021

Ата-ананың келісімі керек

Қостанай облысында жыл басынан бері 443 сәби коронавируспен ауырып шыққан. Қазір өңірде 8 бүлдіршін инфекциялық стационарда жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанованың айтуынша, бүгінде Қостанайдағы инфекциялық орталықта 50 шақты жүкті әйел емделуде. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.