Аймақтар • 28 Сәуір, 2022
Қостанайдағы Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада «Кітапхана түні» атты оқырмандар мерекесі өтті. Пандемия кезіндегі шектеуге байланысты екі жылдай үзіліп қалған дәстүрлі шара биыл табиғат байлығын қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау сияқты экологиялық маңызы бар мәселелерге арналып отыр.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Автозауыттың қарышты қадамдары
«СарыарқаАвтоПром» серіктестігі биыл 70 мың автокөлік құрастырып шығармақшы. Бұған қоса, қазіргі әлемдік экономикадағы алыс-беріс, ынтымақтастық қарым-қатынастардың күрделеніп бара жатқанына қарамастан, қостанайлық зауыт жыл соңына қарай Chevrolet Onix, Kia Sportage NQ5, Lada Granta көліктерінің өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сартүбек өңіріндегі Ақкөл мен Ахмет ауылдары әлі күнге дейін интернет өрісінен тыс қалып отыр. Қостанай облысының ең шалғай шекарасында жатқан екі елді мекеннің тұрғындары интернет байланысының жоқтығы тұрмысқа тежеу, шаруашылыққа тұсау салып отырғанын айтады.
Өнер • 26 Сәуір, 2022
Бас жүлде Болгария әншісіне бұйырды
Қостанайда үш күнге ұласқан «Алтын микрофон-2022» халықаралық байқауы да аяқталды. Жас әншілердің дәстүрлі додасына Қазақстанның әр түкпірінен және Армения, Болгария, Қырғызстан елдерінен келген 49 үміткер қатысты.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2022
27 мың адам жұмыспен қамтылады
Қостанайдағы Жастар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Соңғы екі жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шараға 50-ден астам кәсіпорын қатысып, уақытша жұмыссыздар мен оқуын биыл тәмамдайтын студенттерге 3 мыңнан астам жұмыс орындарын ұсынды.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2022
Қостанай облысы биыл қазақ журналистикасының атасы, ақын, көсемсөзші Мұхаметжан Сералиннің 150 жылдығын атап өтеді. Атаулы мерейтойға дайындық шаралары барысында былтыр Қарабалық ауданына қарасты Өрнек ауылындағы ақын зираты жаңартылып, аудан орталығына ескерткіш белгі орнатылды. Сондай-ақ біртуар қайраткердің туған ауылы Өрнекте абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығындағы М.Сералин атындағы көше жөндеуден өтті.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2022
Француздар құрт пен қымызға қызығып отыр
Қазақтың ұлттық тағамына еуропалықтардың да тәбеті ояна бастаған сыңайлы. Француз ғалымы Луи Пастердің 200 жылдығына орай Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ZOOM платформасында өткен ғылыми бейнеконференцияда француз ғалымдары құрт пен қымызды халықаралық ұлттық тағамдар кітабына енгізілетінін айтты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2022
Өңірде екі айлық санитарлық тазалық шаралары басталды. Осыған орай Қостанайда ұйымдастырылған алғашқы сенбілікте қала көшелері мен саябақтар қар астынан шыққан қоқыстан тазартылып, жүздеген ағаш көшеті отырғызылды. Ал қаладағы триатлон-парктің жанындағы алаңқай енді «Жас отбасылар» аллеясы деп аталатын болды. Бұған дейін ашық жатқан тақыр жерге волонтер жастар, спортшылар, ұстаздар мен экобелсенділер, сондай-ақ он шақты жас отбасы арнайы келіп қайың көшеттерін отырғызды.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2022
Жер игеру үшін темірден түйін де түйе білу керек
Өңірдегі ірі шаруашылықтардың дені алдағы дән сіңіру науқанына дайындық жұмыстарын толық аяқтап, енді алқаптың дегдуін ғана күтіп отыр. Алайда 500-1000 гектардай жері бар кішігірім шаруа қожалықтарының жағдайы қиын.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Қостанай облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене шағып алған 6 адамның дәрігер көмегіне жүгінгенін мәлімдеді. Олардың ішінде 10 жастағы бала бар. Мамандар кененің жылдағы мерзімнен ерте көбейіп кетуінің себебі ауа райының күрт ысып кетуімен байланысты деп отыр.