• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2016

Петропавлда патриоттық клуб мүшелері майдангерлер сүйегін тапты

285 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 17 мамыр. «Зерде» вахтасы шеңберінде екі апта бойы Ресей Федерациясында қазба жұмыстарын жүргізген облыстың әскери-патриоттық клуб мүшелері елге оралды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Топ мүшелері Новгород облысында болып, ұрыс даласында көз жұмған жауынгерлердің мүрделерін, қару-жарақтар мен әскери заттарды іздеумен айналысты. Тынымсыз ізденістердің нәтижесінде 24 жауынгердің сүйегін тауып, қайта жерледі. Петропавлдықтар қазба жұмыстарымен көп жылдан бері айналысып келеді. Биыл Ресейге құрамында он адам бар іздеушілер тобы аттанған болатын. Айтуларынша, солтүстікқазақстандықтар үшін соңғы рет тоқсаныншы жылдары зерттелген орындарға бару мүмкіндігі туған. Көрші елде іздестіру жұмыстарымен айналысқан он еріктінің үшеуі жасақ қатарына бірінші рет қосылған. Ресейге әскери-патриоттық клуб мүшесі ретінде алғаш барғандардың бірі – орта мектеп оқушысы Яна Дробышева. Клуб мүшелері тапқан жәдігерлерін түгелдей жеткізе алмағанандықтан, біразын Ресейдегі әріптестеріне қалдырып кеткен. Өздерімен ала келген әскери заттар клуб мұражайына қойылды. Өмір Есқали. Дерек, фото: egemen.kz.