Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Біріккен Араб Әмірліктері Федералдық ұлттық Мәжілісінің Төрайымы Әмәл Абдалла Әл-Кубейсимен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Ә.Әль-Кубейсидің сапары екі елдің парламентаралық үнқатысуды орнату тұрғысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы жемісті ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің қызметі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету туралы Ә.Әль-Кубейсиді хабардар етті.
Сенат Төрағасы 31 мамырда Астанада өтетін, парламентшілер, діни қайраткерлер және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысатын «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына қатысуы үшін ризашылық білдірді. Бұл тұрғыда Қ.Тоқаев дінаралық және мәдениетаралық келісімді нығайту саласындағы Біріккен Араб Әмірліктерінің күш-жігерін қолдады.
Ә.Әл-Кубейси Қазақстанға келуге шақырғаны үшін Қ.Тоқаевқа алғыс айтты. Федералдық ұлттық Мәжілісі Төрайымының айтуынша, Қазақстан мен БАӘ арасында ерекше достық қатынастар мен сауда-экономикалық, мәдени-гума-
нитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастық қалыптасты.
БАӘ парламентінің төрайымы «Діндер терроризмге қарсы» конференциясының аса қажеттігін, өйткені, дінді қаралайтын экстремизм идеологиясына бірлесе төтеп беру және исламның бейбітшілік сүйгіш негіздерін түсіндіру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, оның пікірінше, дүниежүзі парламентшілерінің форумына қатысу аса маңызды.
Кездесу барысында жүздесушілер төрағалар деңгейінде парламентаралық үнқатысуды жалғастыруға, сондай-ақ, екі елдің заң шығару органдарында қызмет ететін Қазақстан-Әмірліктер ынтымақтастық топтарының жұмысына ықпал етуге уағдаласты.