• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Әнші Естай Әлікеевтің жыр жинағы жарық көрді (фото)

857 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 31 мамыр. Алматыда мәдениет саласының үздігі Естай Әлікеевтің «Шер» атты жыр жинағының тұсаукесері өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Әнші, ақын, композитор ретінде танылған Әлікеевтің бұған дейін «Тағдырым мені, кешірші», «Анама», «Жүрегім – сазды сандығым», «Естай Әлікеевтің әндері», «Ән-жүрегімде», «Әзірге айтарым» сияқты жинақтары жарық көрген. 100 ден астам лирикалық және патриоттық әндердің авторы. Шөмішбай Сариев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне баса назар аударады. Сонымен қатар, әндерін қазақ эстрадасының шоқ жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Дильназ Ахмадиева, «Каспий» тобы, «Нұр-Мұқасан» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Есет Сәдуақасов, Динара Қырықбаева, Әйгерім Қалаубаева, Өмірқұл Айниязов, Дина Хамзина, Қайыржан Бердібаевтар орындап жүр. Ол балаларға да арнап өлең жазады. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады. Осылайша жаңа жыр жинағын өлеңсүйер қауыммен қауыштырған талант иесінің кітап-тұсаукесері тамаша өрбіді. Шығармашылық кездесуде «Шер» кітабына арқау болған өршіл өлеңдер оқылып, жиналғандар жақсы әсермен тарады. «Жаңа заманның Естайы» атанған Әлікеев өзгені қайталамайтын ерекше қолтаңбасы арқылы тыңдармандар сүйіспеншілігене бөленіп, шығармашылық ізденіс пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп жүр. «Жаса, мәңгі қазағым», «Жақсы-жаман», «Талдықорған», «Ақ тілек», «Семейім», «Мына дүние», «Өкінбе», «Сен ғана», «Абылай хан» әндеріне бейнебаян түсірілген. Айнаш Есали. Дерек, фото: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар