Атырауда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 15 пайыз үстемені негізсіз қосып, тасымалдаған кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиевтің дерегіне сүйенсек, жыл басталғалы делдалдық қызмет мәселесі жөніндегі комиссияның бес отырысы өткізілген.
«Комиссияның мүшелері мониторинг нәтижелеріне талдау жасап, бірқатар кәсіпкерлік субъектісінің заң талаптарын бұзғанын анықтады. Бес кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті тасымалдау бағасына 15 пайыз үстемені негізсіз қосқаны белгілі болды. Осыған байланысты бес кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабымен негізінде айыппұл салынды», деп хабарлады Ризабек Мұсағалиев.
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Еске сала кетейік, қаңтар айында өңірлерде инфляция баяулағанымен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар қымбаттай түсті.