• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Метеориттен жасалған тапанша 4,5 млн. долларға сатылады

441 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 мамыр. Cabot Guns қару шығаратын компаниясы метеорит сынығынан дайындалған әлемдегі ең қымбат М1911 маркалы екі тапаншаны сатылымға шығарды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, аспан денесі Жерге жарты миллион жыл бұрын құлаған. Алайда, оның сынығы компания қызметкерлерінің қолына жақында ғана тиіпті. Қазір олардың әрқайсысының құнын 4,5 миллион долларға бағалап отыр. Мамандардың айтуынша, тапаншаның тек сырты ғана емес, ішкі тетіктері де метеорит сынықтарынан әзірленген. Ал сыртқы формасының әдемі көрінуіне видманштеттік қорытпа пайдаланылды. Қазіргі таңда тапанша сынақтан өткен. Өзге қарулардан еш айырмашылығы жоқ. Компанияның хабарлауынша, бұл атыс қаруының ең қымбат түрі болып есептеледі. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.
Соңғы жаңалықтар