• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Қытайда саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынды

405 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 мамыр. Бүгін Қытай Халық Республикасының (ҚХР) 24 аймағында білім алып жүрген Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінің белсенділері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында құрбан болғандарды еске алу үшін өз еркімізбен ораза ұстау арқылы еске алып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстандағы отандастарымызды қолдау және Қазақстан тарихына құрмет көрсету. Себебі, өткенімізді білмей жатып, алға жылжи алмаймыз», – деді Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінің басшысы Жігер Қабинұлы. Оның айтуынша, бұл шараға 2 мыңнан астам адам қатысқан. Айта кетейік, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігіне ҚХР-дағы қазақ диаспорасының 15 мыңнан астам азаматы кіріп отыр. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.