• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Біртектілікті қалыптастырудың үлгісі

394 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметінде «Қазақстандық бірегейлік пен жалпыұлттық бірлік сабақтары» тақырыбында брифинг өтті. Шараға қатысқан «Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапхана­сының» аға ғылыми қызметкері, фило­софия ғылымдарының докто­ры, профессор Ғазиз Теле­баев эт­носаралық келісімнің қазақ­стандық моделі туралы сөз қоз­ғады. Оның пікірінше, қазіргі­дей жаһандану жағдайында этнос­аралық қатынастар сала­сын­дағы мұндай табысты үлгі үлкен сұра­нысқа ие болуда. «Бұл ретте, қазақстандық этнос­аралық толеранттылық пен қо­ғамдық келісім мәселесі бүгін­де әлемнің көптеген елінде мем­лекеттік этникалық саясат моде­ліне енгізілген. Бұл үлгі БҰҰ-ға, көптеген Еуропа және Азия мемлекеттерінде, ТМД елдеріне ұсынылды. Жалпы, біз біртектілікке тек этносаралық қатынастар жағынан ғана қара­мауымыз керек. Мұны кеңірек, тереңірек қарастырғанымыз жөн. Себебі, бұл жерде экономикалық, әлеуметтік мәселелер де бар. Солардың барлығын бірге, топтап қарастыруымыз керек. Ал біртектілікті қалыптастыратын тетіктерге келер болсақ, ең алдымен, оны балалардан, яғни бала тәрбиесінен бастау қажет. Мәселен, Елбасының кітапханасында былтырғы жылдың күзінен бастап, оқушыларға және студенттерге дәрістер оқылып келеді. Семинар: «Әлемді өзгертетін идеялар» деп аталады. Оның негізгі мақсаты – ба­ла­ларға Президенттің «100 нақты қадамын» жеткізу, олар арқы­лы қоғамға насихаттау. Біз, әсіре­се, «100 нақты қадамдағы» төр­тінші бағытқа, яғни біртектілік пен бірлікті қалыптастыруға баса назар аударамыз»,– деді Ғ.Телебаев. Ал Қазақстан Тәуелсіздігінің қазақстандық бірегейлік пен пат­риоттық сезімді қалыптастырудағы рөліне тоқталған Еуразия ұлттық университетіндегі ҚХА кафед­расының меңгерушісі Анатолий Башмаков ҚХА жүргізген жұмыс­тардың қорытындылары туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ол елдерді дамытудағы идеологиялық артықшылықтың шешуші факторы – азаматтық, этностық және мемлекеттік бірегейлік болып табылатынына баса назар аударды. Брифингте сөз алған Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қаты­настарды зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова мемле­кеттік саясатты нығайту іс-тәжі­рибесі мен қазақстандық бірегейлік пен бірліктің негізгі кезең­дері және перспективалары туралы сөз қозғай келе, қоғам­ның қазіргі даму жағдайында мемлекеттік бірегейлік пен бірлік мәселесі ерекше өзектілікке ие екендігіне тоқталды. Бұл түрлі факторлар мен институттардың ықпал ету іс-әрекетінің өзгеруіне байланысты болатынын тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұл мәселедегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – этносаясат. «Сондықтан, Қазақстанның полиэтностық және поликон­фессиялық саясаты үшін бейбіт­шілік пен тұрақтылықты сақтау, сенім мен құрмет атмосферасын құру, бірыңғай ұлт қалыптастыру – тәуелсіздікті нығайтудың негізі. Ал қоғамдық қарым-қатынастарда қазақстандық бірегейлік жүйесін нығайтуда, қоғамдық саясат пен мемлекеттік басқаруда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі маңыз­ды. Себебі, 1995 жылдан бас­тап, ҚХА еліміздің ұлттық құры­лыс тетігін бекітуде қоғамдық-саяси алаң ре­тінде қарқынды жұмыс атқа­рып келеді», – деді А. Сәдуа­қасова. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы Оксана Лоскутова аталған мем­лекеттік мекеме мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Қоры бас­па және электрондық БАҚ қыз­мет­керлері арасында тарихи оқиғаның құрметіне орай үздік материалға «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбында ашық байқау жариялайтынын айтты, байқау қатысушыларына қойылатын талап-шарттармен таныстырды. Сонымен қатар, ол Елбасының қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саясатын іске асырудағы кітапхананың қызметіне тоқталды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»