• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

Мал дәрігері тәртіптік жазаға тартылды

382 рет
көрсетілді

Мамыр айының 17-сі күні «Еге­менде» «Бабы келмеген бағдарлама» деген мақала жарияланды. Сын мақа­лада Лебяжі ауданындағы «Жай­лау» бағдарламасымен алынған 100 қойдың ауруға ұшырағанын, қой иесі Е.Бөлекбаевтың не қой жоқ, не жайлау жоқ, шарасыз күйде қал­ғанын жазған болатынбыз. Аудан әкімі Серік Жанғазиновтың жауабын біз кезінде газетте жариялағанбыз. Енді Лебяжі ауданы про­кура­турасының хабарын жариялауды жөн көрдік. Онда былай делінген: «2016 жылдың наурыз айында алдын алу шараларын іске асыру барысында Е.Бөлекбаевтың шаруашылығында бруцеллез ауруы бар деген күдікпен 60 бас ұсақ мал анықталғанын жазады. Орын алған факті бойынша ауданның уәкілетті органдары ауру ошағын шектеу үшін Шәмші ауылының аумағында карантин жария­лау бойынша іс-шаралар қабылдады. Бруцеллез ауруына шалдыққан 60 бас ұсақ мал ет өндіретін комбинатқа тапсы­рылды. Осы жағдайға байланысты, өзінің қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындамағаны, Е.Бөлек­баевтың шаруашылығындағы ұсақ малды толық идентификациясын өткізбегені үшін Қызыләскер ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Шәку Байгөзин тәртіптік жазаға тартылды». Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Павлодар облысы