• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Аграрлық білімді жаңғырту арналары

305 рет
көрсетілді

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Кеңес жұмысына Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығы айма­ғы­ның 10 елінен келген 30-дан аса жоғары оқу орындарының ректорлары, Қа­зақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы министрлігінің және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері, Қазақстанның жетек­ші аграрлық жоғары оқу орын­дарының ректорлары, ғылыми-зерт­теу институттарының ди­ректор­лары, эксперименталдық-тәжіри­белік шаруашылықтардың және ауыл­шаруашылық өнімдерін өндіру­мен айналысатын кәсіпкер­лер қатысты. Келелі кеңес «Аграрлық білім­нің ТМД кеңістігінде жаңғыруы» тақырыбында өтті. Атап айтқанда, жаңа аграрлық мамандықтарды ашу және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешенде жаңа технологияларды әзірлеу және таратудың заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану секілді бүгінгі таңда аса маңызды мәселелер  талқыланды. Мемлекеттік хатшы өзінің кі­ріспе сөзінде Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы: қалып­тас­­қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатері қатарына жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер жататындығын айтқандығын жет­кізді. Сондықтан, ұлттық қауіп­­сіздіктің құрамдас бөлігі ретін­де азық-түлік қауіпсіздігін қам­та­масыз ету Қазақстанның тәу­ел­сіз мемлекет ретінде дамуы­ның басты шарты болып табылады. ТМД елдерінің агро­өнер­кәсіптік кешенінің инновация­лық дамуында ғылыми әзірле­мелер мен зерттеулерге үлкен мән беріледі. Бұл жерде 2003 жылы құрылған ТМД аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің маңызы зор. Аталған кеңес кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындау, ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өзара қарым-қатынасын және басқа да халықаралық ұйымдармен байланыс орнату арқылы жо­ғары оқу орындарының өзара ынты­мақ­тастығын ұйымдастыру аума­ғындағы жұмыстарды реттейді. Аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау, аграрлық өнеркәсіп саласында ғылым, білім және өндіріс интеграциясы механизмдерін дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту және тағы да басқа маңызды мәселелер тұр­ғы­сында тәжірибелерімен алмасты. Г.Әбдіқалықова кеңес барысында ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды дамыту мен алмастыру үшін нысаналы ізденіспен айналысатын университет жанынан құрылған Агротехникалық хабты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымымен танысты. Ауыл шаруашылығы ғылымының теориясы мен тәжірибесі арасындағы байланыстырушы буын ретінде танылған мұндай хабтар бүгінгі таңда АҚШ, Аргентина, Бразилия, Израиль және Австралия елдерінде табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы ұшқышсыз ұшатын аппараттар – дрондармен ауыл шаруашылығы алқаптарын алдын ала тексерумен айналысатын Тұрақты егін шаруашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысты. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар