• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2016

Әлем алдында абыройы асқақтаған Қазақстан

627 рет
көрсетілді

ХХІ ғасырдың дамуындағы  хал­қы­мыздың бағыт сілтер темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стратегиясы дипло­ма­тиямыздың да арнасын айқындап берген болатын. Сыртқы қатынаста көпвекторлықты ұстанған еліміздің саясаты ұтымдылығын танытып келеді. Бүгін тағы да соған көз жеткіздік. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіп­сіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше­лікке өтті. Қазақстан 138 дауыспен топ жарып отыр. Бұл – халықаралық аренадағы мемлекеттіліктің үлкен жеңісі. Әсіресе, оның Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсында бізге бұйыруын тағдырдың сыйы деп қараған жөн. Еліміздің мұндай бас айналдырар табысқа қол жеткізуін Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі деп түсінуіміз керек. Оның халықаралық саммиттерге қатысып, ауқымды және аймақтық қауіпсіздік жайлы сөздері, әсіресе, 2015 жылғы БҰҰ Ассамблеясындағы анти­ядро­лық ұстанымы сөзсіз ықпал етті. Сон­дай-ақ, жаһандану дәуірінде мемлекет құрудың Еуразиялық үлгісіне негізделген қазақстандық моделін қалыптастырды. Небәрі Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отырған еліміздің жаһандық өркениетке батыл араласып, халықаралық аренада зор абыройға жетуі Қазақстанның жарқын болашағын көрсетеді. Бейбітсүйгіш елімізді, оның Елбасын сәтті қадамдарымен құттықтаймыз! Ұлы Дала елінің мәртебесі асқақтай берсін. Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай! Қазақстан Жазушылар одағы * * * Құрметті отандастар! Қадірлі қазақстандықтар! Еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше­лікке өтуін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аса қуанышпен қабылдайды. Бұл – тілі бөлек болғанмен тілегі бір, жүзі бөлек болғанмен жүрегі бір отан­да­с­тарымыздың ортақ мақтанышы. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиген 25 жылда осындай халықаралық аренаға көтерілуімізге, танылуымызға себеп болған жайттар көп. Солардың ішінде даму және халықара­лық стандарт салаларындағы мақсаттарға қол жеткізген, орташа табыс деңгейіне ие, әлемдегі экономикасы ең қарқынды ілгері­леген тұрақты, прогрессивті және бей­біт мемлекеттердің бірінен болуымыз басты рөл атқарды. Ал Қазақстанның ядролық қауіпсіз­дік және ядролық қаруды таратпау бағыт­тарын­дағы ұстанымы әлемді сүйіндіріп отыр. Құрметті отандастар, осының бәрі – елдегі ынтымақтың, берекенің арқасында қол жеткізілген жетістіктер. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсын­дағы осынау толағай табысты Қазақстан халқының ұлы жеңісі деп бағалаймыз. Халқымыз ымырадан айырылмай, жеңістен жеңіске жете берейік! Еңбегіміздің бәрі ел игілігіне жұм­салсын! Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы * * * Әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын қазақ халқының ұландары бүгін айрықша қуанышта. 2017-2018 жылдары Қазақстанның Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңе­сіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақ­стандықтармен қатар, сырттағы қан­дас бауырларымызды да шаттыққа бөледі. Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығын сақтау мен заң үстемдігін орнықтыру және тұрақты дамуды жауап­кершілікпен қолдау дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайт­қан басымдықтар болғаны даусыз. Егемендік алғаннан кейінгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көлемі жағынан әлем­дегі екінші ядролық полигоннан және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы – жаһан өркениетінің жадынан ешқашан өшпек емес. Тәуелсіз елдің Тұңғыш Президенті ретінде алғашқы қабылдаған қаулы тарихи шешімге айналды. Сөйтіп, бұл қадам адамзаттың дамуы мақсатында ядролық қарудан бас тарту үлгісі болды. Сондай-ақ, аймақтың басқа елдерімен қатар, 2009 жылы наурызда күшіне енген, Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ жасауда Қазақстан көшбасшы болып келеді. Осындай қауіпсіздік мақсатында айтулы қадамдарға барған Ұлы Дала елі – Бірік­кен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше елдердің қатарына енді. Осынау толағай табыс Қазақстанға жаңа міндеттер жүктеумен қатар, бейбітсүйгіш ел ретінде әлем алдындағы абыройын асқақтата түседі. Осының бәрі – тәу етер Тәуелсіздіктің арқасында, ауызбіршіліктің нәтижесінде жеткен жеңіс. Ендеше, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Қазақстан – Мәңгілік Ел жасасын! Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы * * * «Қазақстан-2050» қозғалысы барлық қазақстандықтарды Отанымыздың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жыл­дардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтайды! Біздің еліміз дәп Нұрсұлтан Назарбаев­тың жоғары беделі мен ерекше халы­қ­ара­лық бастамаларының арқасында 138 мем­лекеттің қолдауына ие бола алды. Біз осы халықаралық платформаның мінберінен еліміз жалпыәлемдік қауіпсіз­дікті нығайту ісіне бұған дейінгіден де сүбелі үлес қосатынына сенімдіміз. «Қазақстан-2050» қозғалысы  * * * Барша қазақстандықтарды еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз. Бұл тарихи оқиға көшбасшылығында Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрған Қазақстан Республикасының халықаралық беделі танылуының көрсеткішісі болып табылады және Отанымыздың әлемдік қоғамдастықта белсенді рөл атқарып отырғанын айғақтайды. Бұл – отандық дипломатияның жеңісі және еліміздің ядролық қарусыздану жолындағы күресі мен ұлтаралық келісім және конфессияаралық төзімділіктің бірегей бағдарламаларын құрудағы еңбегін сөзсіз тану болып табылады. ЭКСПО-2017, Универсиада-2017, эко­но­мика, білім беру, денсаулық сақтау сала­ларындағы форумдар еліміздің әлем мен адамзат тағдыры үшін терең алаң­дау­шылығын көрсететін жаһандық ауқымдағы шарал­ар десек, қателеспейміз. Қазақстан – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД, тағы басқа көптеген халық­ара­лық ұйымдардың белсенді мүшесі. Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануының еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымына алдағы жылғы төрағалығының басталуымен сәйкес келуінде нышандық мән бар. Демек, бұл жайт көкейкесті өңірлік проблемаларды шешуде БҰҰ-мен бүгінгіден де тиімдірек өзара іс-қимыл танытуға мүмкіндік бермек. Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік қызметі мен өзінің бітімгершілік әлеуетін нығайту бойынша күш-жігерін толықтай қолдайды. Республика БҰҰ-да әлемдік проблемаларды шешуде салмақты және конструк­тивті көзқарас танытып келе жатқан ел ретінде кеңінен мойындалып отыр. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне сайлануы – бұл жоғары құрмет, қазақ­­стандықтар үшін ерекше мақтаныш белгісі. Елімізге үлкен сенім көрсетіліп отыр, Отанымыздың бұл сенім үдесінен лайықты шығатынына нық сенімдіміз. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы * * * Еліміздің ғылыми қоғамдастығы атынан Мемлекетіміздің басшысын, бүкіл отандастарымызды Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз. Бұл – біздің еліміздің, қазақстандық дипломатияның шын мәніндегі тарихи жеңісі. Әрине, Қазақстан кандидатурасының жеңіске жетуіне Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аренадағы жеке беделінің үлкен рөл атқарғаны анық. Мемлекет басшысының маңызды халықаралық форумдарға қатысуы, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті тақырыптары бойынша сөйлеген сөздері, әсіресе, 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының және 2016 жылғы жаһандық антиядролық саммиттің мінберінен жасаған бастамашылық ұсыныстары жағымды құбылыс ретінде бағаланған болатын. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­не тұрақты емес мүше ретінде сайлануы біздің елімізге қауіпсіздік саласындағы жаһандық күн тәртібінің қалыптасуына тікелей қатысуға және Орталық Азия өңірі­нің халықаралық деңгейде маңызды мәселелерін қозғауға мүмкіндік береді. Біз бұл тарихи оқиға Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп санаймыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы  * * * «Бірлік» саяси партиясы Қазақстан Президентін және бүкіл қазақстандықтарды тарихи оқиғамен – республикамыздың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануымен құттықтайды. Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдығы тойланатын сәт – орын алған қуанышты оқиғаның символдық мәні бар. Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып, БҰҰ-ның неғұрлым маңызды саяси органының құрамына өтіп отыр. Біздің еліміз осы бір беделді халықара­лық ұйымға өткен сәт – 1992 жылдан бастап бейбітсүйгіш саясатты тұрақты түрде жүргізіп келеді және өркениетті үнқатысу мен жанжалдардың алдын алу үшін күресуде. Қазақстан жас мемлекет ретінде біздің тамаша бастамашылық әрекеттеріміздің арқасында әлемдік танымалдылыққа қол жеткізді. Мемлекет басшысының бастама­шылығымен бірінші рет нақ осы Қазақстан жерінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізіліп келеді, бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, жұмыс істеуде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында біздің еліміздің негізгі мемлекеттік саясаты әлемдік деңгейде табыспен жүзеге асатынына сенімдіміз. «Бірлік» партиясы * * * Жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтары­ның республикалық штабы Мемлекет басшысын, барлық қазақстандықтарды Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануымен құттықтайды. Біз еліміздің жетістіктері мен беделінің мойындалуының куәсі болғандығымызға шын мәнінде қуаныштымыз. Қазақстан ядролық таратпау және ядролық қарусыздану бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келеді. Нақ Қазақстан Президентінің баста­ма­шылығы бойынша Семей ядролық полигонының жабылған күні – 29 тамызды БҰҰ Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады. Бүгінгі күні біздің еліміз жаһандық антиядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды ілгерілетудің көшбасшысы деп танылып отыр. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке сайлану біздің еліміздің алдынан Қазақстанның бастамашылығын жаһандық деңгейде ілгерілету үшін тамаша мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық штабы * * * «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы барша қазақстандықтарды және Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке сайлануымен құттықтайды. Бұл тарихи оқиға, бірінші кезекте, Қазақстан Президенті еңбегінің, оның жоғары халықаралық беделі мен жүйелі ішкі және сыртқы саясатының нәтижесі болып табылады. Қазақстандықтар үшін бұл – біздің табыстарымызға және халықаралық аренадағы жетістіктерімізге қуану үшін тағы бір үлкен себеп. Біздің еліміздің алдында ең беделді әлемдік ұйымда өз мүдделерін ілгерілетуге тамаша мүмкіндік ашылып отыр. Қазақстанның бұл жаңа мәртебесі жаһандық деңгейде бейбітшілік пен бірлікті одан әрі нығайтуға қызмет ететіндігіне сенімдіміз. «Атамекен» ҰКП  * * * Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайланғандығы туралы жаңалықты қуанышпен қабылдады. Біз осы бір оқиғамен барлық қазақстандықтарды және Мемлекет басшысын шын жүрегімізбен құттықтаймыз. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың салиқалы да сарабдал ішкі және сыртқы саясатының және оның халықаралық жеке беделінің арқасында осындай нәтижеге жеттік. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында әлемдік қоғамдастықтың біздің еліміздің қысқа мерзім ішіндегі дамуы мен қол жеткізген нәтижелерін осылайша лайықты бағалауының және қолдау білдіруінің нышандық терең мәні бар деп есептейміз. «Қазақстанның әйел кәсіпкерлер одағы» ҚБ * * * Қазақстан жастар Конгресі Елбасы Н.Ә.Назарбаевты және барша қазақстан­дықтарды біздің еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болуымен құттықтайды. БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысушы 138 елдің дауысы – біздің Мемлекетіміз басшысының жаһандық бастамалары бүкіл әлем бойынша төтенше сұранысқа ие және маңызды екендігінің дәлелі. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақ­стан әлеуметтік-экономикалық дамуда табыстылық көрсетіп, әлемде бірлік пен тұрақтылықты сақтау мақсатын көздейтін бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танылды. Бұл – біздің еліміздің халықаралық аренадағы үлкен жеңісі. «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ * * * Журналистер қоғамдастығы атынан барлық қазақстандықтарды, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойлы жылында бұл – біздің мемлекетіміз үшін елеулі оқиғалардың бірі. Сондай-ақ, Қазақстанның заңды түрде халықаралық қатынастардың маңызды қатысушысы болып табылатындығының жарқын айғағы. Қазақстанның бұл орында әлемдік аренадағы бейбітшілікті нығайту ісі мен өзара түсіністікке баға жеткізгісіз үлес қосатынына сенімдіміз. «Бас редакторлар клубы» ҚБ    * * * Біз Қазақстанның 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымының маңызды саяси органы – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғандығы туралы жаңалықты зор қуанышпен қабылдадық. Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы барлық қазақстандықтарды және ел Прези­денті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке өзін осынау тарихи жеңіспен құттықтайды. Қазақстан осы беделді ұйымның толық­құқықты мүшесі болған уақыттан бері біздің еліміз бейбітшілдік пен ізгіліктің жақ­тау­шысы екендігін үнемі дәлелдеп келеді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем Қазақстанды қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтай отырып қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде біледі. Осынау жетістіктер бізге сенімді және ырғақты түрде алға басуға мүмкіндік береді. Қазақстандық ұмтылыстың артықшы­лығы әлемдік қоғамдастықтағы Елбасы беделімен айғақталады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – бұл халықаралық аренадағы елеулі табыс және біздің бастамаларды ілгері жылжыту, ағымдағы күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша өркениетті үнқатысу жүргізу үшін бірегей мүмкіндік. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде Қазақстанның бейбітшілік қағидаттарына жақтастығын неғұрлым жоғары деңгейде паш етіп, жанжалдарды реттестіруге тікелей қатысатынына сенімдіміз. Саясаттанушылар конгресі, Әлеуметтанушылар қауымдастығы * * * 2016 жылдың 28 маусымы біз үшін шын мәнісіндегі тарихи оқиғамен өрнектелді – Қазақстан Азия-Тынық мұхит мемлекеттер тобынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл оқиғаның біздің еліміздің өз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын мерекелейтін жылы болып отырғандығы терең нышанға ие. Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің бүкіл тарихында біздің еліміз осыншалық маңызды органның құрамына кірген Орталық Азия өңірінің тұңғыш мемлекеті болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің жасам­паз­дық бастамалары арқасында экономи­касы қарқынды дамыған ел және өзара түс­і­ніс­тік пен өзара құрмет негізінде топтас­қан көпұлтты қоғам ретінде танылып отыр. Сонымен бірге, заманауи сын-қатерлер және әлемнің бірқатар аймақтарындағы тұрақсыздық мемлекеттерден қауіпсіздік пен дамудың жаңа жүйесін құруды талап етеді, ал оның негізін өзара ынтымақтастық, құрмет, тағаттылық пен өзара түсіністік құрауы тиіс. Бұл бағыттағы негізгі арқау барлық мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру, орын алып отырған шиеленістер мен келіспеушіліктерді еңсеру, бейбітшілік пен татулыққа бастайтын ымыраға келу жолдарын іздеу болуы тиіс. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамындағы Қазақстанның кезек күттірмес міндеті халықаралық экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимылдағы күш-жігерді топтасты­ру бол­мақ. Мұның өзі іс жүзінде Жер шары­ның әрбір өңірі үшін көкейкесті болып табылады. Біз өзімізге жүктелген жауапты миссияны абыроймен әрі лайықты, толық жауап­кершілікпен орындап шыға­ты­нымызға сенімдіміз. «Қазақстан дінтанушылар конгресі» ҚБ  * * * Біз елімізді 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл оқиға Қазақстанның және оның Көшбасшысының халықаралық аренадағы беделін тағы бір рет айғақтады, жас республиканың бейбітшілік сүйгіш саясатын әлемдік қоғамдастықтың жоғары бағалауының және мойындап тануының көрінісіне айналды. Аталған оқиға қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу жылында айрықша мәнге ие болуда. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары осынау беделді халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы үшін көкейкесті болып отыр. Біз Мемлекет басшысының бұдан арғы бастамалары да әлемдік қоғамдастық тарапынан түсіністік және ықыласты қолдау табатынына сенімдіміз. Қазақстан Коммунистік халық партиясы  * * * Қазақстанның азаматтық Альянсы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевты және барлық қазақстандықтарды еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтайды. Бұл, ең алдымен, әлемдік көшбасшылар арасында бірінші болып ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабылдап, саяси ерік-жігер танытқан Қазақстан Президентінің биік халықаралық беделінің жарқын айғағы. Бұл шешімнің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық белесінде қабылдануының ерекше мәнісі бар. Осынау жылдарда біздің еліміз салиқалы ішкі және сыртқы саясат жүргізіп келеді, сөйтіп, халықаралық қоғамдастықтың заңды құрметіне ие болып отыр. Біздің еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне белсенді қатысуы елдің халықаралық беделін бұдан да биікке көтеретініне, сөйтіп, Қазақстанның алдынан жаһандық қауіпсіздік әлеуетін қалыптастырудың кең мүмкіндіктерін ашатынына сенімдіміз. Қазақстанның азаматтық Альянсы * * * Біз барлық қазақстандықтарды еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз. Бұл жеңіс жас республиканың өсіп отырған халықаралық беделінің жарқын көрінісіне айналды. Қазақстанның пайдасына таңдау жасаған БҰҰ мүшелері Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың, әсіресе, антиядролық қарусыздану, халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде көрініс тапқан бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жаһандық бастамаларына қолдау білдірді. «Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы» РҚБ