[caption id="attachment_49319" align="aligncenter" width="560"] Фото: vk.com[/caption]
Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» өз алаңында венгриялық «МТК Будапешт» командасын қабылдап, тең түсті.
«Ақтөбе» – «МТК Будапешт» 1:1 (1:1)
Стадион: Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.
Төреші: Саша Амхоф (Швейцария).
«Ақтөбе»: Отарбаев, Ситдиков, Куаджа, Каиров, Крюков, Жалмукан, Цвейба, Митошевич, Бочаров, Дао (Голубов 62), Сорокин.
«МТК Будапешт»: Хегедуш, Баки, Гргич, Никач (Дойч 90), Сотмари (Борбей 88), Торгелле, Конто, Водоной, Поор, Геро, Вошш.
Гол: Торгелле 30 – Жалмұқан (пенальти) 44.
Ескерту алғандар: Ситдиков 72, Сорокин 86 – Никач 83, Борбей 90.
Өз алаңында өнер көрсеткен «Ақтөбе» кездесуді ширақ бастаған. Алайда, 15 минут өтер-өтпес қонақтар шабуылдарды бірінің артынан бірін ұйымдастырды. Нәтижесінде 30-минутта Торгелле Шандордың көмегімен есеп ашты.
Алғашқы гол соғылғаннан кейін «Ақтөбе» таразы басын теңестіру үшін барын салды. Дегенмен әуелете көтерген доптары еш пайда әкелмеді. Бірақ бірінші тайм аяқталар тұста қонақтар өз айып алаңында қолымен допты тоқтатқаны үшін төреші пенальти белгіледі. Команда капитаны Дидар Жалмұқан мүмкіндігін мүлт жібермеді. Осыдан соң матч аяқталғанға дейін есеп өзгеріссіз күйде қалды.
Аян ӘБДУӘЛИ.