• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2016

Ереванда полиция бөлімшесін басып алған содырлар билікке берілді

244 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_54089" align="aligncenter" width="560"] reuters.com[/caption] Ереванда содырлар басып алған полиция бөлімшесін босату операциясы аяқталды, деп хабарлады Арменияның ұлттық қауіпсіздік қызметі. Interfax.ru-дың мәліметі бойынша, бөлімшені екі аптадан астам уақыт кепілде ұстап келген содырлар қаруларын тастап, билік өкілдеріне берілген. «Құқық қорғау органдарының арнайы жасағы жүйелі әрі келісілген іс-қимыл нәтижесінде қарулы топ мүшелерін берілуге мәжбүр етті. 20 содыр ұсталып, полиция бөлімшесінің аумағы толық босатылды», – деп мәлімдеді Армения ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілі. Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні қаруланған топ Еревандағы полиция бөлімшесін басып алған еді. Шабуыл барысында олар полиция қызметкерін өлтіріп, төрт адамды жаралаған. Содырлар «Құрылтайшы парламент» оппозициялық қозғалысының жетекшісі Жирайра Сефилянды түрмеден босатуды, сондай-ақ Армения президенті мен үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен. Айдар ӨРІСБАЕВ