Пан Ги МУН,
БҰҰ Бас хатшысы:
– Мен Президент мырзаға оның көреген басшылығы мен адамзаттың игілігі жолында осы мәселедегі ерекше көшбасшылығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Президент Назарбаев 1991 жылы Семей сынақ полигонын жапқан кезде естілген өте күшті дауысы бар Көшбасшы болып табылады. Шешім айтарлықтай күрделі жағдайларда қабылданды, бірақ ол осыны жасауға қол жеткізе алды.
Барак ОБАМА,
АҚШ Президенті:
– Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтап, оның күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан қарусыздану саласындағы атқарған жетекші рөлі үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстан ядролық қарудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл елдің экономикалық жағынан дамып, өсіп-өркендеуіне жол ашты. Қазақстан бүкіл әлем үшін осы бағытта күш-жігер жұмсаудың үздік үлгісіне айналды. Мен Сізге ядролық қарудан бас тарту саласындағы жетекші рөліңіз үшін алғыс айтамын.
Юкия АМАНО,
МАГАТЭ-нің бас директоры:
– Қазақстан көптеген ел үшін ядролық қарусыздану саласында көшбасшы және үлгі болып табылады. Мен Сіздің еліңізді осы салада қол жеткізген орасан зор табысымен құттықтаймын.
Қазақстан қарусыздану саласындағы өзінің көшбасшылық рөлін әлі де жалғастыра береді деп сенемін.
Дэрил КИМБОЛЛ,
Қару-жарақты бақылау жөніндегі ассоциацияның директоры (АҚШ):
– Қазақстан Президентінің Семей полигонын жабу туралы шешімі күні бүгінге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі таңда бәріміз де дәл осы қадамның АҚШ Сенатының да Невада штатындағы ядролық полигонды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауына итермелегенін түсінеміз.
Осының артынша-ақ, 1993 жылы Билл Клинтон ядролық сынақтарға мораторий жариялады. Бұл өз кезегінде Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың пайда болуына алып келді. Бұл жерде ақиқат біреу: Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық полигонды жабуы, шын мәнінде, өте маңызды және тарихи оқиға.