• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс Президенттің демократия құндылықтарына жақындығын білдіреді

447 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың өзінің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өткізуден бас тартуына қа­тыс­ты өзімнің пікірімді білдіргенді жөн көріп отырмын. Референдум туралы идеяның жан-жақты қолдау табуы Қазақстан хал­қының Президентке үлкен сенімін айғақтайды. Соған қара­мас­­тан, аталған шешімнен бас  тарту, оның үстіне мерзімінен бұ­рын сайлау өткізу туралы ұсы­нысы Қазақстан басшысының демократия құндылықтарына жа­қын­дығы мен өз халқының демократия мақсаттарына сенімін көр­сетіп берді. Президенттің де­мократияны нығайту мақсатында демократия­лық қағидаттарды тұ­рақ­ты қол­дауы өте мақтанарлық қадам және батыл шешім болып табылады. Н.Назарбаевтың аталған іс-әрекеті оны демократияны тек сөз жүзінде қолдап, іс жүзінде отандастарының БҰҰ-ның 1948 жылдың 10 желтоқсанында қа­был­данған Адам құқықтары жө­ніндегі жалпыға ортақ дек­ла­рациясы кепілдік беретін негізгі құқықтар мен бостан­дықтарын шек­тейтін өзге президенттерден айқын ерекшелейді. Бұл құпия дауыс беру, баспасөз бостан­ды­ғы, бейбіт жиналыстар өткізуге ерік құ­қығы, сенім-наным бос­тан­дығы, т.б. бірде-бір шынайы де­мократия өмір сүре алмай­тын құқық болып табылады. Мен «Волга жағалауы немістері туралы сага» тақырыбына докторлық диссертация жазу ба­рысында Қазақстандағы жағ­дай­ларға қызығушылық таныта бастадым. 1941 жылдың тамы­зын­да, төрт сағаттан жиырма төрт сағатқа дейінгі аралықта Сталиннен орындалуы міндетті болып табылатын бұйрық алған­нан соң Поволжье респуб­ли­ка­сы­ның орыс немістері жүк мәши­не­леріне отырғызылып, Сібір мен Қазақстанға жер аударылды. Кейін 100 000-нан астам неміс 1920-шы жылдардағы жаппай аш­тықтан сақтану үшін барған аумақтарынан шығарылса, бас­қа­лары 1945 жылдан кейін Қара теңіз өлкесінен «репатриация­лан­ды». Қазақстанда тұрып жатқан немістер туралы ақпарат іздеу кезінде мен Қазақстан Респуб­ли­касының Вашингтондағы елшілігіне қайырылдым. Елшіліктегілер менің зерттеулеріме байла­нысты көмек қолдарын ұсынса, өз тара­пымнан сіздердің елде­рі­ңізге деген үлкен қызығушылық пайда болды. Қазақстан – бұл ескі дәстүр­лерге бай «жаңа» мемлекет болса, мен оны өзінің жеке табиғи ресурстарын дамыту үшін үлкен әлеуетке ие ел ретінде қарас­ты­рамын. Қазақ­станның көп ұлтты халқы білімдар екені анық және рес­публиканың өзінде оған тең құ­қықты жаһандық әріптес ретінде дамуға мүмкіндік беретін ны­ғайтушы демократиялық негіздер жеткілікті. Қазақстан халқы Президент Н.Назарбаевтың шешімін қабыл­дай­ды, БҰҰ-ның адам құ­қықтары жөніндегі декларациясы көздейтін демократияны қолдай­ды және бұл құқықтарды өз елін нығайту үшін пайдаланады деп сенемін. Руфь НИЛЬСЕН, саяси ғылымдар докторы. АҚШ, Нью-Джерси штаты.