• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:11

Қосшыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі төмендетілді

17 рет
көрсетілді

Прокуратураның араласуынан кейін Ақмола облысының Қосшы қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі төмендетілді. Бұл 37 мың тұтынушыға, оның ішінде 200 кәсіпкерлік субъектісіне жылына 22,2 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Қосшы қаласы және оған іргелес аумақ қалдықтарды төгу үшін рұқсат берілмейтін аймақтарға, яғни Астананың халықаралық әуежайынан 30 шақырымда орналасқан аймақтарға кіреді. Осыған байланысты қала маңында ҚТҚ-ны сұрыптауға және көмуге тыйым салынған.

«Өз кезегінде мердігер ұйым ҚТҚ-ны Қосшы қаласынан 50 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Астана қаласының полигонына тасымалдаған. Бұл ретте ҚТҚ-ны Астана қаласының полигонына дейін тасымалдау мен оларды өткізу шығындарының орнына ҚТҚ-ны сұрыптау мен көмуге арналған шығындар тарифке негізсіз енгізілген», делінген хабарламада.

Сол себептен Қосшы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша шығындарды қайта есептеу жүргізіліп, нәтижесінде жеке (532 теңгеден 482 теңгеге дейін) және заңды (575 теңгеден 527 теңгеге дейін) тұлғалар үшін орташа өлшенген тариф құны 50 теңгеге төмендеген.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде, 37 мың тұтынушы (оның ішінде 200 бизнес субъектілері) үшін бір жылдық үнем 22,2 млн теңгені құрады.