Премьер-Министр Катардың Орталық банкі төрағасымен банк саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Бұл туралы Үкімет басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады pm.kz
Кездесу Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Катар Мемлекетіне сапары барысында қол қойылған келісімдердегі уағдаластықтарды орындау аясында өтті.
Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерімен қатар, банк және инвестициялық салалар сынды екі жақты маңызды қарым-қатынастар бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Атап айтқанда, ҚР Ұлттық банкі және КМ Орталық банкі, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі және Катар қаржы орталығы арасында меморандумдарға қол қойылды.
Премьер-Министрдің Катардың Орталық банкі төрағасымен кездесуі барысында банк саласындағы, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы желісі бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Айдар ӨРІСБАЕВ